Спорт Қазақстан
$444.22 €476.38 ₽4.82
×

Сенат депутаттары Алматыда қорғаныс саласын тексерді

AstanaTV
19.09.2017ж. 20:00
1576
Сенат депутаттары Алматыда қорғаныс саласын тексерді

Ел шебін қорғайтын офицерлерді көбейтуге баса мән берілуі керек. Алматыдағы  әскери мамандар даярлайтын оқу орындарын аралаған сенаторлар осындай пікір білдірді. Халықаралық қатынастар, қорғаныс және қауіпсіздік саласына жауапты депутаттар даярлықты көзбен көрді. Ұлтық қауіпсіздік комитетіне қарасты академияның техникалық-базалық мүмкіндіктерін бағалады. Бейбіт күнде сарбаздардың қаза табуына жол берілмеуі керек. Ал офицерлер өз ісінің білгірі болғаны жөн. Елбасы кәсіби әрі ықшам армия қалыптастыруды міндеттеді. "Маман даярлығы аса маңызды", - дейді комитет төрайымы Дариға Назарбаева.

Дариға Назарбаева, ҚР Парламенті Сенаты Халықаралық қатынастар, қорғаныс және қауіпсіздік комитетінің төрайымы:

Қандай жағдай, депутаттардан не қалайсыздар деген сұрақтармен келіп отырмыз. Ашық әңгіме болды. Бұрынғыдай емес, жылтырайтын жағын бояп қойып көрсететін. Бізге ол керек емес, шын сөз болу керек.