Спорт Қазақстан
$445.66 €474.58 ₽4.78
×

«SCAT» әуе компаниясының Атыраудан шыққан ұшағы тағы әуежайға қайтып келді

AstanaTV
16.11.2020ж. 20:00
1583
«SCAT» әуе компаниясының Атыраудан шыққан ұшағы тағы әуежайға қайтып келді

«SCAT» әуе компаниясына тиесілі ұшақ тағы да жолаушылардың зәресін алды. Атыраудан Алматыға ұшып шыққан жолаушылар, екі сағаттан соң Атырау халықаралық әуежайына қайтып келді. Абырой болғанда адамдар дін аман. Бұл - аталған компанияда орын алған соңғы 5 күндегі екінші жағдай.

Базаргүл НӘДІРҚЫЗЫ, ТІЛШІ:


Оқыс жағдай жексенбіде болды. Жергілікті уақытпен 14:09-да Алматыны бетке алған әуе кемесі, екі сағаттан соң кері қайтып әуежайға штаттық режимде қонған. "Атырау-Алматы" әуе рейсімен жолға шыққан Boeing 737-300 ұшағы "SCAT" компаниясына тиесілі еді.
 

Әуе компаниясының хабарлауынша, ұшу кезінде кондициялау жүйесінің индикациясы іске қосылған. Ұшақ жерге қону үшін жанармайын жағып аспанда айналып жүргенін айтты. Бұлережеге сай жасалған қадам деді.   

Виктория СТАРОЖИЛОВА, «SCAT» ӘУЕ КОМПАНИЯСЫНЫҢ  ЖҰРТШЫЛЫҚПЕН БАЙЛАНЫС БӨЛІМІНІҢ ЖЕТЕКШІСІ:

"Атырау –Алматы" рейсін орындау кезінде кондициялау жүйесінің индикациясы іске қосылып кеткен. Әуе кемесінің командирі ұшу нүктесіне қайта оралуға шешім қабылдаған. Штаттық режимде қонды. Рейс келесі күнге шегерілді. Басқа қалада тұратын жолаушылар қонақ үй мен азық түлікпен қамтылды.

Әуе компаниясы мамандары мұндай жағдай өте сирек кездесетінін айтты. Шамның неге жанғанын енді арнайы мамандар анықтайды деді. Айта кетейік, бұл аймақта SCAT ұшағына қатысты туындаған екінші жағдай. Өткен сәрсенбіде "Атырау-Нұр-Сұлтан" рейсімен шыққан ұшақ, бір топ құсқа соғылып, Атырау әуежайына қайта қонуға мәжбүр болған еді.

Сәтсіз "Атырау-Алматы" рейсінде 141 жолаушы болған. Компания дерегінше олардың барлығы таңға жуық Алматыға жеткізіліпті.

 Б. Нәдірқызы