Спорт Қазақстан
$443.37 €474.49 ₽4.83
×

Қызылордада қардың үстіне жол салған мекеменің әрекеті әшкере болды

AstanaTV
16.11.2020ж. 20:00
2098
Қызылордада қардың үстіне жол салған мекеменің әрекеті әшкере болды

Естімеген елде көп. Қызылордада қардың үстіне жол төсеген мекеменің әрекеті желіні шулатты. Ғаламторда жарияланған мына видеоның авторы, жұмысшылар жапалақтап тұрған қарға қарамастан асфальт салуды жалғастырып жатқанын сынаған.

Қалаға қарасты Қызылжарма ауылдық округіндегі бір шақырымды құрайтын жолды салуға 34 млн. теңгеден аса қаржы бөлінген. Мердігер «Набат – 2000» ЖШС жұмысты шілдеде аяқтауы тиіс еді. Іс сиырқұйымшақтанып кеткен соң, әкімдік оларды сотқа беріпті. Шырылдауық шегірткенің кебін киген мекеме өкілдері болса мәселеге қатысты мардымды жауап бермеді.

МЕРДІГЕР МЕКЕМЕНІҢ ӨКІЛІ:

Сәті соған түсіп тұр ғой енді, завод сол күнге беріп жатыр асфальтын. Әрі қарай жалғастырған жоқпыз, қардың үстіне ешкім салған жоқ.

Жолдың сапасы да мамандардың көңілінен шықпай отыр. Олар арнайы зертхана шақырып сынама алған. Оның қорытындысы бірнеше күнде белгілі болады. Олардың айтуларынша, төселуі тиіс болған жолдың 400 метрі аяқталғанымен, жұмыстың атүсті жүргізілгендігі көрініп тұр.

Ержан УСМАНОВ, ҰЛТТЫҚ ЖОЛ АКТИВТЕРІ САПА ОРТАЛЫҒЫ ДИРЕКТОРЫНЫҢ м.а.:


Қалыңдығын тексеру барысында жоба бойынша 6 см салу керек, Тексеріс барысында 3,8 см шығып отыр. Астында малды тас қоспасын төсеген, соның бетіне бетонмен өңдеу жұмыстары жүргізілмеген.


М. Тоқтасынқызы