Спорт Қазақстан
$444.14 €477.05 ₽4.85
×

Өзбекстан азаматын құлдықта ұстағандар анықталды

AstanaTV
16.11.2020ж. 20:00
1655
Өзбекстан азаматын құлдықта ұстағандар анықталды

Құлдықтағы өмір. Ақтөбе облысындағы шаруа қожалығының басшысы 58 жастағы Өзбекстан азаматын бір жыл бойы құлдықта ұстап келген. Бұл жағдай Ішкі Істер министрлігі жүргізген "Стоп-трафик" жедел-прафилактикалық іс-шарасы кезінде анықталды. Күдікті жәбірленушінің құжаттарын тартып алып, күш көрсеткен. Қазір аталған іс бойынша тергеп-тексеру амалдары басталып кетті. Айыпталушы уақытша ұстау абақтысына қамалған.  

Камиль ҒАЛИЕВ, ҚР ІІМ БАСПАСӨЗ ҚЫЗМЕТІНІҢ ӨКІЛІ:

Шаруа қожалығының басшысы анықталып, полицияға жеткізілді. Ол Өзбекстан азаматына ұрып-соғып, оған мал бақтырып қойған. Оны айдаладағы сарайда ұстапты. Аталған факт бойынша Қылмыстық Кодекстің 128-бабы, адам саудасы бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.

Дәл осындай факті Қостанай облысында да тіркеліп отыр. Шаруа қожалықтың иесі, 21 жастағы жігітті мәжбүрлеп екі жарым жыл бойы жұмысқа жеккен. Министрліктің мәліметінше, қостанайлық азаматқа мал бақтырған. Сонымен бірге, өкілетті органдар үш күн ішінде 65 қылмыстың бетін ашыпты. Оның ішінде адам саудасының алты фактісі және бір адамды заңсыз қамау дерегі әшкере болды.

А. Данияр