Спорт Қазақстан
$448.15 €483.46 ₽4.86
×

Тойдан қағылған жұлдыздар қалай күн көріп жатыр?

AstanaTV
17.11.2020ж. 20:00
5698
Тойдан қағылған жұлдыздар қалай күн көріп жатыр?

Қытайлық індет бүкіл жұртты үйге қуып тықты. Әсіресе, карантин кезінде тойдан қағылған әнші-бишілерге қиын болды. Мұны, елге танымал эстрада жұлдыздарының өздері мойындайды. Той-думанның арқасында нәпәқа тауып, байып жүрген әншілер қазір қалай күн көріп жүр? Жұлдыздармен жүздескен әріптесім Әсем Лесбек тақырыпты толықтырсын.

30 күн ойын, 40 күн тойын беретін қазақы дәстүр, тәтті түстей көрінеді. Карантинге дейін халық жұлдыздарды сағынатын, қазір жұлдыздар халықты сағынатын болды. Пандемия оларды да "алтын торға" қамап қойды.

Ербол ШӘРІПОВ, ӘНШІ:

Шынын айту керек қазір барлығы жан-жақтан қысып тастаған жағдайда жақсы хит болады-ау деген әндерді шығаруға талпынып отырған жоқпыз. Неліктен, өйткені қазір шығарып ол хит болғанымен ол бәрібір өзін-өзін ақтап өтемейді.


Көп жұлдыз үшін - гастроль қиялға, гонорар арманға айналды. Той-томалаққа шектеу қойылғалы бері асаба-әншілердің дені табыстан қағылды. Бірақ арасында, "тәубә", дейтіндері де бар. Белгілі әнші Абай Бегей, еш қиналмағанын айтады.

Абай БЕГЕЙ, ӘНШІ:

Мен мысалға Алматы әуендерінде жұмыс жасаймын. Республика сарайында. Бізде жалақымыз ай-сайын алып тұрамыз. Бізге ондай қатты қиын боп жатқан жоқ. Жұмыс жасамайтындар бар оларға қиын енді кішкене, той жоқ, концерт жоқ. Сондай қиналып қалған отбасылар бар көріп жатырмыз барлығын.

Аш отырмаған өнерлілер арасында, асаба Нұржан Аташта бар. Жиған-тергенін салып, шоумен жеке кәсіп ашып алыпты.

Нұржан АТАШ, АСАБА:

Өзімнің тұрақты жұмысым бар. Одан бөлек, осы тойдың септігімен тапқан табысымыздың арқасында жасаған азды-көпті кішкентай кәсіптеріміз бар. Ал енді құр тоймен ғана өмір сүріп жүрген адамға әрине сөзсіз қиын.


Карантин - өнер адамдарынан бұрын рестораторларға ауыр тиді. Сарапшылардың айтуынша, елде көптеген мейрамханалар ауыр хәлге түскен.

Мақсат СЕРӘЛІ, ЭКОНОМИСТ:

Карантин уақыты бүкіл шағын және орта бизнеске өте қатты әсерін тигізіп жатыр. Соның ішінде тойханалар, ресторандар, кафе. Әншілерге болсын, тамадалар болсын басқа да осы той-томалақтардың деңгейінде қызмет көрсетіп жүрген азаматтардың барлығы қазір табыс деңгейінен айрылып отыр.


Әсем ЛЕСБЕК, ТІЛШІ:

Жалпы елімізде төтенше жағдай жарияланғалы бері мейрамханалар өз жұмысын тоқтатқан. Кәсіпкерлер шығынға баттық деп бірнеше рет шырылдады. Дегенмен құзырлылар елдегі жағдайдың той тойлауға келмейтіндігін баса айтты.

Ә. Лесбек