Спорт Қазақстан
$445.66 €474.58 ₽4.78
×

Алматы жұртшылығы сөз зергері Дүкенбай Досжанұлын еске алды

AstanaTV
19.09.2017ж. 20:00
3044
Алматы жұртшылығы сөз зергері Дүкенбай Досжанұлын еске алды

Бүгін Алматы жұртшылығы сөз зергері Дүкенбай Досжанұлын еске алды. Жазушылар одағы ұйымдастырған шараға марқұмның замандастары, туған-туыстары мен қарапайым азаматтар жиналған. Жазушы арамызда болғанда, биыл 75 жасқа толар еді. Қаламгерлердің қара шаңырағында Дүкең жайлы естеліктер айтылды. Арнайы түсірілген бейнеролик көпшілік назарына ұсынылды. Көзі тірісінде 8 роман, 18 повесть пен 100-ден астам әңгіме жазған оның туындылары әлемнің 19 тіліне аударылып, жеке кітап болып шыққан. Қызметі мен проза әлемін ұштастыра білген азаматты жиылғандар ерекше талант иесі ретінде еске алды.

Нұрлан Оразалин, ҚР Жазушылар одағының төрағасы:

Адалдығының ар жағында үлкен суреткерлік. Аңғалдығының ар жағында үлкен ойшылдық жататын, сондай қаламгер еді. Сол Дүкең өмірден өткелі төрт жыл болды. Сол жылдардан бері елі, жұрты Дүкенбайды естен шығарған емес.