Спорт Қазақстан
$441.58 €480 ₽4.86
×

Қызылорда облысында әлі күнге контрамарка пешімен жылытылатын мектептер бар

AstanaTV
20.11.2020ж. 20:00
4511
Қызылорда облысында әлі күнге контрамарка пешімен жылытылатын мектептер бар

Қызылорда облысында әлі күнге контрамарка пешімен жылытылатын мектептер бар. Соның бірі -Жаңақорған ауданына қарасты Байкенше ауылында. Елді-мекенде бір емес екі білім ошағы болғанымен, екеуі де әбден тозған. Оқушы да көп. Ал жаңа мектеп салуды жергілікті атқамінерлер әлі жоспарлап отыр. Уақыт өткен сайын сыйқы кеткен, көне мектептің жайы келесі бейнематериалда.

Байкенше ауылында қазір шамамен мың жарымға жуық халық тұрады. Балалар екі ғимаратқа бөлініп оқиды. Бастауыш сыныптағылар салынғанына алпыс жылға жуықтаған мына мектепте білім алып жүр. Кесектері қол тисе үгітіліп, ғимарат күн өткен сайын шөгіп келеді.  

Сматіллә БЕКНАЗАРОВ, БАЙКЕНЖЕ АУЫЛЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ:

Мектебіміздің сыйымдылығы аз. Оның үстіне апаттық. 1964 жылы соғылған мектеп. Каркастан соғылған. Контрамарка - жылуы.

Ал, жоғарғы сынып оқушылары ауыл шетіндегі мектепке барып жүр. Олардың су каналын жағалап, көпір арқылы арғы бетке қатынауы көптің көңілін алаңдатады. Әсіресе қыста қиын дейді тұрғындар. Ол да - ескі. Жүз орынға арналған білім ошағында, қазір үш жүзге жуық бала оқуға мәжбүр.   

Ермек ӨСКЕНБАЙ, БАЙКЕНЖЕ АУЫЛЫ №193 ЖАЛПЫ ОРТА МЕКТЕБІНІҢ ДИРЕКТОРЫ:
 
Бала  санының өсуіне байланысты қазір 4-5 жылдан бері бала сыйымдылығы көбейіп, сол үлкен мәселе болып тұр. Бұл мектеп 100 орындық, бұрын геологтардың салып кеткен 9 жылдық мектебі. Сыныптардың өзінің сыйымдылығы кіші.

Көне екі мектепте апатты емес деді жергілікті билік. Бірақ тозығы жеткенін мойындайды.  Мектеп салу ісін қолға алдық деп ақталды. Алайда, оның өзі екі жылсыз шешілетін түрі жоқ.

Орман АХМЕТОВ, ЖАҢАҚОРҒАН АУДАНДЫҚ СӘУЛЕТ, ҚАЛА ҚҰРЫЛЫСЫ ЖӘНЕ ҚҰРЫЛЫС БӨЛІМІНІҢ БАСШЫСЫ:

7 млн. 820 мың теңге қаржы бөлінген. Соның 500 мыңы бөлініп тұр. Соған конкурс жарияланды. Жоба-сметалық құжаттарын дайындауға. Биылғы жылы жоба-сметалық құжаттары басталады. 2022 жылы құрылысы бітіп, тапсырылуы мүмкін. Солай жоспарланып отыр.

Шенеуніктер мектеп салуды сағызша созып келе жатқандарын, мәселені зерттеп талқылауға уақыт өткіздік деп түсіндірді. Әзірге мектеп құрылысын жоспарлап отыр. Ал, қашан қолға аланып, құрылыс басталатынын ешкім айта алар емес. Айта кетейік, облыстық білім бөлімінің мәліметіше, ресми түрде апатты деп танылған аймақта екі мектеп бар. Онда да балалар білім алып жүр.  

М. Тоқтасынқызы