Спорт Қазақстан
$446.49 €475.38 ₽4.79
×

Қызылжар өңірінде сапасыз үй берген әкім сөгіс алды

AstanaTV
20.11.2020ж. 20:00
2374
Қызылжар өңірінде сапасыз үй берген әкім сөгіс алды

Қызылжар өңіріне "Еңбек" бағдарламасымен Оңтүстіктен қоныстанғандарға сапасыз үй берген аудан әкімі қатаң сөгіс алды. Аймаққа мемлекеттік бағдарламамен көшіп келгендердің суық үйде бүрсеңдеп отырғандарын екі апта бұрын көрсеткен едік. Түркістан облысынан келген отбасылар  жаңа баспананы жылыта алмай отырғандарына шағымданған болатын. Сапасыз үйдің шикіліктерін жіпке тізген еді. Жергілікті билік сол кезде жақын арада қол ұшын созатынын жеткізді. Бірақ шенеуніктердің уәдесі тек сөз күйінде қалған.

Алмас ӨТЕГЕН, АСТРАХАНКА АУЫЛЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ:


Әкімдіктен бір-екі адам келді. Иа жұқа екен төбесі деді. Содан кейін ешкім ештеңе істеген жоқ. Енді көреміз.Басқа амал қарастырамыз. Ауылға қайтамыз ба,болмаса. Мұндай салқын үйде ертең 40 градус суықта қалай отырамыз. Бала шағамыз бар. Кішкентайымызды апарып тастадық Түркістанға.


Жергілікті әкімнің салғырттығын облыс басшылығына да жеткен көрінеді. Өңір жетекшісі мемлекеттік бағдарламаның орындалуына немқұрайлы қараған атқамінерге қатаң сөгіс жариялап, мәселенің қисынын табуды жүктеді. Сынға ұшыраған Аққайың ауданының әкімдігі проблеманы жақын арада шешеміз, дейді.

Самат СӘРСЕНБАЕВ, СҚО АҚҚАЙЫҢ АУДАНЫ ӘКІМІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ:

Өткен жолы құрылысшылар барып, төбеге ағаш жоңқаларын себейін деп жатқан кезде, тұрғындар қажет емес, өртенбейтін материал керек деді. Жұрттың талабы орындалады. Оларға міндетті түрде көмек көрсетіледі. Барлық жұмыстар жылдың аяғына дейін аяқталады.


А. Құрманкин