Спорт Қазақстан
$448.56 €478.03 ₽4.79
×

Жекенің қолына өткен Павлодардың «№1 автобус паркі» қалаға қайтарылатын болды

AstanaTV
19.04.2016ж. 20:00
1148
Жекенің қолына өткен Павлодардың «№1 автобус паркі» қалаға қайтарылатын болды

Жекешелендіру шеңберінде кәсіпкердің қолына өткен Павлодардың «№1 автобус паркі» қаланың меншігіне өтетін болды. Кәсіпорынды сатып алған қожайындардың қаржылық қиындыққа тап болуы осыған әкеп соқтырған.

Бұл жайында өңір әкімі Болат Бақауов «100 нақты қадам» Ұлт жоспарын жүзеге асыру мәселелеріне арналған баспасөз мәслихатында айтты. «№1 автобус паркі» 1 млрд 170 млн теңгеге саудаланған. Оны иеленген кәсіпкер профилін сақтап, мамырға дейін 30 жаңа автобуспен қамтуға міндеттелген еді. 

Болат Бақауов, Павлодар облысының әкімі:

Келісімшарт бұзылса, ол кәсіпорынға өзіміз басшы тағайындаймыз. Автопарк мемлекеттік мекеме ретінде жұмысын әрі қарай жалғастырады. Қала бюджеті бір теңге де жоғалтқан жоқ. Керісінше, кәсіпкер 200 млн теңге көлеміне аванс төлеген. Қаржылық қиындыққа байланысты жағдай осылай болды. 

Әсемгүл МҰХИТҚЫЗЫ