Спорт Қазақстан
$448.15 €483.46 ₽4.86
×

Астанада бір күнде 12 мыңнан астам ағаш отырғызылады

AstanaTV
19.04.2016ж. 20:00
2562
Астанада бір күнде 12 мыңнан астам ағаш отырғызылады

Алдағы жексенбіде Астанада 12 мыңнан астам ағаш көшеті отырғызылады. Қаланы көгалдандыруға тұрғындар мен қонақтар да атсалыспақ. Бұл туралы «Астана көгалдандыру құрылысы» басқармасының өкілдері айтты.  Биыл көгалдандыруға 4 миллиард теңге бөлінген. Ағаш-теректерден бөлек, гүлзарларға Франциядан келетін 25 мыңға жуық раушан гүлдері көрік береді. Сондай-ақ, Канададан қызғалдақ тұқымдары сатып алынған. Олар келер жылы мамыр-маусымда гүлдейді. 

Бибігүл Бектемісова, «Астана көгалдандыру құрылысы» АҚ басқарма төрағасының орынбасары:

23 сәуір күні 2339 топырақты ағаштар мен 10000 ағаш тамырларымен салынады. Бір күнде 12339 ағаш қаладан өз орындарын табады.

Шенуніктердің болашақта қалада жеміс ағаштары жайқалып тұратынын айтты. Әзірге мұндай ағаштар "Жасыл белдеуде" тәжірибе ретінде өсіріліп жатыр. Егер бұл жақты жерсінетін болса, Астанада алма бақтары пайда болуы ықтимал.

Әділбек Сәрсембаев, Астана қалалық табиғи ресурстар және табиғат пайдалану басқармасының бастығы:

Алма, алмұрт ағаштарын өсіруді қазірден қолға алып жатырмыз. Бұл ағаштар жергілікті флораны байытуы тиіс. «Жасыл белдеуде» жеміс ағаштарының тәжірибелік үлгідегі аздаған көлемін қалыптастырамыз. Дегенмен жеміс ағаштарының қабығына әуес келетін, бүгінде саны күрт көбейген қояндар қауіп төндіруі мүмкін.

Мөлдір БАҚЫТҚЫЗЫ