$494.87 €520.65 ₽4.91
×

«Біздің елде - еститін мемлекет құрылды» – сарапшы

AstanaTV
25.11.2020ж. 20:00
2367
«Біздің елде - еститін мемлекет құрылды» – сарапшы

«Біздің елде еститін мемлекет құрылды». Саясаттанушы Самат Нұртазаның бүгінгі съезден түйген ойы осы. Ол Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың, әлеуметтік мәселелерді шешуге ден қойған саясатын қолдады.

Самат НҰРТАЗА, ЕУРАЗИЯ ИНТЕГРАЦИЯЛЫҚ ИНСТИТУТЫНЫҢ БАСПАСӨЗ ХАТШЫСЫ, САЯСАТТАНУШЫ:

Жалпы бүгінгі съезд дер кезінде болды деп есептеймін. Байқаған жерім, әлеуметтік проблемаларға көп көңіл бөлінді. Жағдайлары жоқ отбасыларды қолдау, 3 млрд теңге соған бөлінейін деп жатыр. Сонымен қатар, интеллектуалды ұлт деген маған өте қатты ұнады. Жастарды оқыту керек, жастарға грант бөлінеді деп Президент уәде етті мысалы.

А. Мүтәлі