Ауа райы -
Негізгі / Жаңалықтар / Қостанай облысында 350 дәрігер баспаналы болады

Қостанай облысында 350 дәрігер баспаналы болады

Қостанай облысындағы 350 дәрігер жақында баспаналы болады. Бұл жағымды жаңалық аймақ басшысы Архимед Мұхамбетов жетікізіп отыр. Әкімнің айтуынша, биыл дәл сондай 54-і медицина қызметкері қоныс тойын тойлап үлгерген. Алдағы жылы тағы 120 пәтер кілті осы дәрігерлерге табысталуы тиіс. Елордада өткен баспасөз мәслихатында өңір басшысы биылғы жұмысын қортындылап, келер жылға арналған жоспарымен бөлісті.

Елді есеңгіреткен пандемия Қостанай облысын да аямағаны рас. Алайда, өңір басшылығы тиісті шараларды бірден қолға алыпты. Әкімнің есебінше, биыл Денсаулық саласына 78 млрд теңге бөлінген. Ал, бұл өткен жылғы қаражаттан бір жарым есеге көп. Аймақта, бір мыңға жуық төсек орын әзірленіпті. "Қажет болған жағдайда 3 мың адамды емдеуге қауқарымыз жетеді, деді облыс әкімі. Вируспен күресте алғы шепте жүрген дәрігерлерді қолдау ұмытылмады. Қостанайда, алдағы үш жылда 350 медицина қызметкері баспаналы болады.
 
Архимед МҰХАМБЕТОВ, ҚОСТАНАЙ ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМІ:


54 пәтердің кілті тапсырылды. Жыл соңына дейін тағы 120 пәтер беріледі. «Дипломмен ауылға» бағдарламасы аясында ағымдағы жылы 90 ауыл дәрігері тұрғын үй алды. Сонымен қатар, осы жылы дәрігерлерге үстемеақы төлеуге 135 млн.теңге бөлінді.

Биыл өңірде Тұрғын үй құрылысының қарқыны өсіпті. Архимед Мұхамбетов жыл басынан бері 300 мың шаршы метрден астам  үй салынғанын айтады. Өңірді ауыз сумен қамту мәселесі де шешілген. Биыл 174 ауыл орталықтандырылған сумен жабдықтау жүйесіне қосылды. Ал бұл, өңірдегі барлық елді-мекеннің 62 пайызы.

Архимед МҰХАМБЕТОВ, ҚОСТАНАЙ ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМІ:


Қазір 3 бағыт бойынша жұмыс жүріп жатыр. Бірінші бағыт бойынша үлкен аудан орталықтары, тірек ауылдар. 2000-3000 алқы бар ауылдар соларды орталықтанған сумен қамтамасыз етіп отырмыз. Оған республикалық және жегілікті бюджеттен 10 млрд-қа жуық қаржы бөлініп жатыр.  


Қостанай облысында экономиканың өзегі – ауыл шаруашылығы. Сондықтан бұл саланың дамуы да ерекше назарда. Өткен жылы өңір диқандары ел қамбасына 4 млн тонна астық құйыпты.

А. Мүтәлі