Спорт Қазақстан
$444.32 €473.33 ₽4.76
×

Қостанай облысында 10 елік атқан күдіктілер ұсталды

AstanaTV
27.11.2020ж. 20:00
2038
Қостанай облысында 10 елік атқан күдіктілер ұсталды

Қансонарда қаскөйлер шығар аңға. Тобыл өңірінде браконьерлердің  заңсыз әрекеті толастамай тұр. Арнай жүрген рейдтік шара барысында сібір еліктерін атты деген күдікпен екі тұрғын қолға түсті. Қаскөйлер қашып құтылмақ болған. Полицейлер күдіктінің көлігін екі сағат қуып, әрең тоқтатыпты. Тінту барысында көліктен мылтық қана табылды.10 еліктің етін олар орманға қалдырып кеткен көрінеді. Сотқа дейінгі тергеу амалдары жүріп жатыр.

Кенже ҚОНЫСБАЙ, ҚОСТАНАЙ ОБЛЫСЫ ПД БАСПАСӨЗ ҚЫЗМЕТІНІҢ БАС МАМАНЫ:


Көктерек ауылының маңында күдіктілердің көлігі сынып, тәртіп сақшылар сол жерде қолға түсірді. Қазіргі таңда ҚР, ҚК 337 бабы бойынша тіркеліп, тергеу амалдары жүріп жатыр.

      
Бір ай жүрген «Браконьер» рейдтік шара нәтижесінде 174 әкімшілік заң бұзушылық фактілері анықталған. 5 қылмыстық іс қозғалды. 22 еліктің еті мен 4 автокөлік, 8 мылтық тәркіленіпті. Қаскөйлерге 2,5 миллион теңгеден астам  әкімшілік  айыппұл салынды.

З. Санай