Қазақстанда коронавирус бойынша жағдай қиындап барады. Соңғы бір айдың ішінде өсім 3,7 есеге өскен. Денсаулық сақтау министрінің хабарлауынша, желтоқсан-қаңтар айларында карантин күшейтілуі мүмкін. Індет жұқтыру бойынша көш басында жүрген Шығыс Қазақстанда ахуал қалыпқа келе бастапты. Сонымен бірге, Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес, COVID-19 статистикасын жасырып отырған бірқатар аймақтарға тексеру жүргізген. Нәтижесінде, айырмашылықтар 50-ден 300-ге дейін болғандығы анықталды. Министр, ең көп дерек Шығыста екендігін жеткізді.
Алексей ЦОЙ, ҚР ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ МИНИСТРІ:
Апта сайын мәліметтерді зерттеп, алдағы кезеңдерге де болжам жасап жатырмыз. Қазір көріп отырғанымыздай, Қазақстанда карантин шараларын желтоқсан немесе қаңтар айларында енгізу мәселесі жағдайды қаншалықты бақылауда ұстай алатынымызға байланысты болады. Қазір коронавирус өршіген кейбір өңірде жұқтыру деңгейі төмендеп келе жатқанын байқап отырмыз.
Пандемия басталғалы коронавирустық инфекцияға 8800 жүкті әйел шалдығыпты. Қазір оның 247-сі ауруханаларда емделіп жатыр. Сонымен бірге, кеселді ананың құрсағында жұқтыру факті тіркелмеді, дейді вице-министр. Тек дүниеге келгеннен кейін анасымен бір төсекте жатқан 124 сәби бір аптаның ішінде коронавирус жұқтырып алған. Сондай-ақ, ол Тараз тұрғындарына COVID-қа вакцина жасалады деген ақпаратты жоққа шығарды. Ал, шетелден қарыз алады деген ақпарат шындыққа жанасады ма?
Ажар ҒИНИЯТ, ҚР ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ МИНИСТРІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ:
Шетелдерден коронавирустың инфекцияменен күресуге қаражат алған жоқпыз. Барлығы осы үкіметтің резервтік көзінен және де бюджеттегі барлық қаражаттардан жұмсалды.
А. Данияр