$498.34 €519.72 ₽4.85
×

Қызылордада әжетханадан шақалақтың мәйіті табылды

AstanaTV
02.12.2020ж. 20:00
3644
Қызылордада әжетханадан шақалақтың мәйіті табылды

Қызылордада жеке үйдің ауласында орналасқан әжетханадан шақалақтың мәйіті табылды. Ақмаржан мөлтек ауданындағы үй иесінің  23 жастағы қызы тастады деген күдік бар. Баланың анасы да алысқа ұзай қоймапты. Қазір ол ұсталып, дәрігерлердің бақылауына алынған.

Төтенше жағдай департаментіне қоңырау полицияның кезекші бөлімінен түскен. Оқиға орнына жеткен 6 құтқарушы түн жарымында сәбиді әжетханадан алып шықты. Бірақ туыла салып нәжіске түскен шарананың өмірін құтқарып қалу мүмкін болмапты. Ал анасы үй егесінің 23 жастағы қызы деді.
 
Руслан ҚАЙРАҚБАЕВ, ҚЫЗЫЛОРДА ОБЛЫСТЫҚ ТЖД БАСТЫҒЫНЫҢ м.а.:


Құтқарушылар нәрестені шығарып алып, тергеу тобының қызметкерлеріне табыстады. Сол үйдің бойжеткен келіншек нәрестені қалдырып кеткен. Қазіргі таңда көп бейінді облыстық медицина орталығына жатқызылды.

Бойжеткеннің жүктілігінен дәрігерлер де бейхабар болған. Айтуларынша, сәуір айынан бері медициналық мекемеге ат ізін салмапты. Денсаулығына да шағым айтып келген емес деп отыр.  

Айгүл ӘКІМТАЕВА, №6 ҚЫЗЫЛОРДА ҚАЛАЛЫҚ ЕМХАНАСЫНЫҢ ДӘРІГЕРІ:

23 жасар тұрмыс құрмаған қыз. Ол бізде 452-бұйрық бойынша сәуір айында 2020 жылы тексерілген болатын. Жүктілігі анықталмаған. Диспансерлік есепте тұрмайды.

Баласын әжетханада босанған қыздың өзімен тілдесе алмадық. Бірақ құзырлы орын қызметкерлеріне арам ойының болмағанын, дәрет алу мақсатында барғандығын айтқан. Дегенмен, қазір қылмыстық кодекстің «жаңа туған баланы анасының өлтіруі» бабы бойынша тергеу басталған.

Әбдібек ЖАНАЗАРОВ, ҚЫЗЫЛОРДА ОБЛЫСЫ ПД ТЕРГЕУ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАСТЫҒЫ:


ҚР Қылмыстық кодексінің 100-бабымен қозғалды. Тергеп-тексеру жүргізілуде.

Бір өкініштісі, кейінгі кездері мұндай келеңсіздік жиілеп кетті. Бұл соңғы бір аптадағы тіркеліп отырған үшінші жағдай. Бұған дейін Батыс Қазақстан облысының 19 жастағы тұрғыны жаңа туған нәрестесін дәретханаға тастаған еді. Ал Павлодарда 1 жастан асқан баласын аялдамаға қалдырған ана ісі де тергеуге алынды. Абырой болғанда павлодарлық нәрестені өтіп бара жатқан адамдар тауып алып, аман қалды. Қазір әжесінің қамқорлығына өткен.    

М. Тоқтасынқызы