Спорт Қазақстан
$444.32 €473.33 ₽4.76
×

Республикалық "Жас Отан" съезіне Алматыдан 62 делегат қатысады

AstanaTV
18.09.2017ж. 20:00
2267
Республикалық "Жас Отан" съезіне Алматыдан 62 делегат қатысады

«Жас Отан» жастар қанатының төртінші сьезіне Алматыдан 62 делегат қатысады. Олар бағыты мен белсенділігіне орай арнайы сынынан өтіп, іріктелген азаматтар. Арасында әр саланың жүзден жүйрік, мыңнан тұлпар шыққа саңлақтары бар. Әншілер мен өнертапқыштар, жас депутаттар да осы қатарда. Бүгінде делегаттар республика көлемінде өтетін жастар жиынына ұсынатын тақырыптарын талқылауда. Президенттің «Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру» атты мақаласындағы қамтылған маңызды бағыттарды түсіндіру, латын әліпбиінің құрылымына қолдау көрсету сынды мәселелер де бар.  Екі жылда бір рет ұйымдастырылатын маңызды шараға екі айдай ғана уақыт қалды. Сондықтан бүгін  жастар дөңгелек үстел басына жиылып, жүйелі жоспар легін талқылауға күш салып отыр.

Мәди Ахметов, Алматы қалалық  «Жас Отан» жастар қанатының төрағасы:

Инновация деп жатырмыз, модерниязация, сананың жаңғыруы деп жатырмыз. Соған жастарымыз дайын болу керек. Мұны қоғамда алып жүретін, қоғамға тез таралуына насихат жүргізетін ол жастар. Жастар қозғаушы күш болғандықтан, біз ойлаймыз, осы бағыттар бойынша ұсынысымызды айтамыз. Өз ойымызды білдіреміз.