Спорт Қазақстан
$448.15 €483.46 ₽4.86
×

Лос-Анджелесте «Эмми» сыйлығының иегерлері анықталды

AstanaTV
18.09.2017ж. 20:00
2627
Лос-Анджелесте «Эмми» сыйлығының иегерлері анықталды

Американдық «Рассказ служанки» сериалы «үздік драмалық туынды» ретінде танылып, «Эмми» сыйлығын иеленді. Лос-Анджелесте марапаттарды тапсыру салтанаты 69-шы рет өтті.

Reuters-тің хабарлауынша,  басты ролді сомдаған актриса Элизабет Мосс та жүлдеден құр қалмады. Ол «драмалық сериалдың үздік актрисасы» номинациясын жеңіп алды. Үздік комедиялық сериал ретінде «Вице-президент» танылды. Ал осы туындыда ойнаған Джулия Луис-Дрейфус  «үздік актриса» атағын 6-шы рет қатарынан иеленді.  Стерлинг Браун  «Это мы» сериалы үшін топ жарса, үздік комедиялық актер атағын «Атлантада» ойнаған Дональд Гловер жеңіп алды. Сондай ақ түрлі номинация бойынша Николь Кидман,  Риз Ахмед пен Алек Болдуин де жүлдеге ие болды. Трамптың адресіне әліз қалжың да айтылмай қалмады.