Спорт Қазақстан
$442.05 €474.14 ₽4.74
×

Геннадий Головкин кезекті жекпе-жек алдында жағажайда жаттығу өткізді

AstanaTV
07.12.2020ж. 20:00
1522
Геннадий Головкин кезекті жекпе-жек алдында жағажайда жаттығу өткізді

Геннадий Головкин кезекті жекпе-жегінің алдында АҚШ-тағы жағажайлардың бірінде дайындық өткізді. "Демалу үшін емес, жаттығу үшін келдім", деп жазды ол өзінің инстаграмдағы парағына.

Головкиннің жаттығуын жанкүйерлер қуана қарсы алғандай. Түрлі пікірлер жазылды. Арасында, алдағы кездесуде Геннадийге сәттілік тілеп жатқандар аз емес.

Еске сала кетейін. Орта салмақта IBF және IBO тұжырымдары бойынша әлем чемпионы Геннадий Головкин жақында польшалық Камил Шереметамен кездесуі тиіс. Бұл бокс желтоқсанның 18-не жоспарланған.

 Ә. Өмірзақ