Спорт Қазақстан
$447.4 €477.55 ₽4.76
×

Атыраулық балықшылар, мұздың астына түсіп кеткен шетелдік велосипедшіні құтқарып қалды

AstanaTV
07.12.2020ж. 20:00
1713
Атыраулық балықшылар, мұздың астына түсіп кеткен шетелдік велосипедшіні құтқарып қалды

Атырауда, мұздың үстіне велосипедпен шыққан шетелдікті балықшылар құтқарып алды.
Келтірілген деректерге қарағанда, қатып жатқан Жайықтың бетіне велосипедпен үш шетелдік шыққан. Жұқа мұз жарылып біреуі велосипедімен бірге суға түсіп кетіпті. Абырой болғанда, оны жергілікті балықшылар көріп, шетел азаматын құтқарып үлгерген екен. Мұзды судан құтқарылғаннан кейін велосипедші аман есен қонақ үйге жеткізіліпті. "Мұзға ол ауызын жаралап алған", дейді құтқарушылардың бірі Ақылбек Ермағамбетов. Ал, Жайыққа ағып кете жаздаған шетелдіктің жергілікті мұнай компаниясына қызмет ететіні белгілі болды. Жанын аман алып қалған балықшыларға ол, ақша ұсынып алғысын айтпақ болған. Балықшылар қаражаттан бас тартыпты.

Ақылбек ЕРМАҒАМБЕТОВ, АТЫРАУ ҚАЛАСЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ:
 
Жүгіріп келіп құтқардық жігіттер болып. Өзін шығармай велосипедін бірінші шығарып жатыр. Велосипеді қымбат болып тұр ғой өмірден гөрі. Содан машинамды қыздырып алып келіп, машинама отырғызып, Реверсайт қонақ үйіне апарып тастадым әйтеуір. Ағылшынша айтып жатыр ғой, «Thank you very much»,- деп.  «Ақша берейін»,-дейді маған. «Жоқ керек емес, рахмет. Бізге сауап қой»,- деп.


 Б. Нәдірқызы