Спорт Қазақстан
$443.35 €475.54 ₽4.82
×

Алматыда күре жолдың ортасында отырып шахмат ойнағандар жазаланды

AstanaTV
07.12.2020ж. 20:00
1892
Алматыда күре жолдың ортасында отырып шахмат ойнағандар жазаланды

Ғаламторда атын шығарғысы келген жастар кейінгі күндері түрлі түсініксіз қылық көрсетіп жүр. Солардың үшеуі Алматыда Әл-Фараби даңғылының қақ ортасына отырып шахмат ойнаған. Шахматшылардың кесірінен көлік кептелісі пайда болды, екіншіден олар өздерінің және өзгелердің өміріне қауіп төндірді. Полицияға олар, көліктері сынып осылайша "уақыт өткізбек", болғандарын айтып ақталыпты. Қылығы жараспаған жігіттерге қатысты 5 әкімшілік хаттама толтырылды. Тентектігімен көзге түскендер 58 мың теңге көлемінде айыппұл төлеп құтылды.

Салтанат ӘЗІРБЕК, АЛМАТЫ Қ. ПД РЕСМИ ӨКІЛІ:


Жастар арасында мұндай деректер көп кездесіп жатады. Олар өздерін пранкерлерміз, деп санап заңға қайшы іс-әрекеттерді де жасап жататын кездер болады. кім болмаса да, пранкер болсын, басқа да мамандық иесі болсын заң бұзуға ешбір құқықтары жоқ. Заң барлығына бірдей...


А. Кемелжан