Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымы Мәжіліс сайлауын бақылайтын болды. Орталық сайлау комиссиясы 12 байқаушыны бекітті. Сондай-ақ бүгін 5 мемлекеттен 11 бақылаушы қосылды. Осылайша халықаралық бақылаушылар саны 62-ге жетті. Бұдан бөлек Қырғыз Республикасы, Мальдива Республикасы және Молдова мен Түркиядан екі бақылаушыдан келетіні белгілі болды.
Анастасия ЩЕГОРЦОВА, ҚР ОРТАЛЫҚ САЙЛАУ КОМИССИЯСЫНЫҢ МҮШЕСІ:
2020 жылы 22 қазанда сайлауалды халықаралық байқау институты ашылғалы бері ОСК екі отырыс өткізді. Және 39 бақылаушыны аккредиттеді. Оның ішінде 29-ы ТМД-ға мүше мемлекеттердің Парламентаралық Ассамблеясынан; алтауы 29 ТМД миссиясы құрамынан және Ислам ынтымақтастығы ұйымынан 4 бақылаушы
Ә. Өмірзақ