Ауа райы -
Негізгі / Жаңалықтар / Қызылорда облысының экс-әкімі 8 жылға сотталуы мүмкін

Қызылорда облысының экс-әкімі 8 жылға сотталуы мүмкін

Қызылорда облысының экс-әкімі 8 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін. "Қомақты қаржы жымқырды", деп айыпталған Қуанышбек Ысқақовқа мемлекеттік айыптаушы бүгін осындай жаза талап етті.  Естеріңізге сала кетейік, өңірдің бұрынғы басшысы, сондай-ақ оның орынбасарлары Марат Делмұханов пен Мұрат Имандосов наурыз айында тұтқындалған еді. Оларға "Сыр мейірімі" қоғамдық әлеуметтік қорындағы 80 миллион теңгені иемденді деген айып тағылды. Олар, Арыстағы қойма жарылысынан зардап шеккендерге бүкіл халық болып жинаған қаражатты жымқырған болып шықты. Тағылған айыптарды экс-әкім мойындамады. Сот үкімі екі күннен кейін шығуы тиіс.

 А. Мүтәлі