Павлодарда «Триумф» инклюзивті музыкалық-пластикалық театры кезекті қойылымын ұсынды. «Табиғат үні» деп аталатын туынды адамның қоршаған ортаға келтірген залалын баяндайды. Актерлердің барлығы мүмкіндігі шектеулі жандар. Театрға отызға жуық жеткіншек қатысады. Мақсат - кемтар балалардың өз-өзіне сенімділігін арттыру. Театр көркемдік жетекшісінің айтуынша, труппа қала және облыс аумағына гастрольдік сапарға шығуды бастаған. Қазақстандағы бірегей инклюзивті театр «Самал» сауықтыру орталығы негізінде ашылған. Ұжым «Асыл бала» республикалық ассоциациясы мен «Жас Отан» белсенділерінің қолдауымен жұмыс істейді. «Кедергісіз келешек» партиялық жобасы аясында жүзеге асырылған шараға жастар ұйымы өкілдері мен қоғам белсенділері шақырылды.
Нина Москаленко, «Самал» оңалту орталығының мәдени шаралар ұйымдастырушысы:
Балалар
бір-біріне көмектеседі. Мәселен, қозғалу мүмкіндігі шектеулі немесе арбаға
таңылғандарға олардың достары қол ұшын беріп жатыр. Сөйтіп, бәрі бір кісідей
қойылымның жақсы шығуына ат салысты.