$474.83 €515.38 ₽5.5
×

«Ауыл» Халықтық-демократиялық патриоттық партиясы ақын-жазушылармен кездесті

AstanaTV
14.12.2020ж. 20:00
3956
«Ауыл» Халықтық-демократиялық патриоттық партиясы ақын-жазушылармен кездесті

«Ауыл» Халықтық-демократиялық патриоттық партиясы өкілдері бүгін суырып салма ақындар мен жыр алыптарының басын қосты. Саяси ұйымның үгіт-насихат жұмыстары осылай жалғасын тапты.  

«Ақындар ауылды жырлайды» атты әдеби-поэтикалық кешке жиналғандар туып өскен өлкесін еске алып, тебірене жырлады. Шараның басты мақсаты - ұлттық құндылықтарды дәріптеп қана қоймай, ауылдың рухани өмірін, тыныс-тіршілігін, әлеуметтік-экономикалық жағдайына назар аудару.  "Ауыл" партиясы мұндай поэзиялық байқауды соңғы 3 жылда 4 рет ұйымдастырған. Игі бастамадан партия қоржынына мыңнан астам эссе, өлеңдер мен драмалар түскен. Солардың барлығы 12 томдық жинаққа кіріп, бүгінде кітап болып өз алдына жарық көрді.

Әли БЕКТАЕВ, «АУЫЛ» ХАЛЫҚТЫҚ-ДЕМОКРАТИЯЛЫҚ ПАТРИОТТЫҚ ПАРТИЯСЫНЫҢ ТӨРАҒАСЫ:

Өкінішке қарай, ауылдың қадір-қасиетін ұмытып кетіп жатқандар бар. Ауылдың қадір-қасиетін түсінбей, біз ауылды дамыта алмаймыз еш уақытта. Ал ауылды дамытпасақ, біз мемлекетті дамыта алмаймыз.


Рухани басқосуда "Ауыл" партиясының белсенді мүшесі Дәулеткерей Кәпұлы ауылда сақталған қазақы болмысымызды қала жастарына жеткізіп, олардың санасына сіңіру біздің басты мақсатымыз, дейді. Тек солай ғана партияның сайлауалды бағдарламасындағы ұлттық идеология жүзеге асып, тамырымыздан ажырамай жаңа қоғам құруға мүмкіндік туады деп отыр. Рухани кештен үлкен әсер алғандар да жоқ емес.

А. Мүтәлі