Спорт Қазақстан
$443.85 €474.3 ₽4.8
×

Қазақстандықтар айлығының басым бөлігін тамаққа жұмсайды

AstanaTV
15.12.2020ж. 20:00
2146
Қазақстандықтар айлығының басым бөлігін тамаққа жұмсайды

Қазақстандықтар айлығының жартысын тамаққа жұмсайды. «РиаНовости» агенттігі жасаған зерттеу қорытындысы осыны көрсеткен. Агенттік әлем елдерінің азық-түлік алуға кететін шығынын есептепті. Рейтингтің көшінде Люксембург елі. Бұл жақтың тұрғындары табысының тек 8 пайызына тамақ алады. Одан кейінгі орында Нидерланд пен Ұлыбритания. Ал жалақысының тең жартысын тамақ алуға беретін елдердің қатарында бұрынғы Кеңес Одағына мүше болған мемлекеттер кірген. Қазақстан 40-шы орында тұр. Жалақыларының 49 пайызына тамақ алады. Одан кейін көршілес Украина мен Молдова. Ал Ресей 31-ші орынға жайғасыпты. Отбасылық бюджетті көбіне мәдени демалысқа бөлетіндер Швеция, Ұлыбритания мен Аустрия. Қазақстандықтар бұл бағытқа табысының 2-і пайызын ғана бөледі.

Ә. Өмірзақ