Спорт Қазақстан
$443.85 €474.3 ₽4.8
×

"Агрофирма Түрікпен" шаруа қожалығы асыл тұқымды мал басын 6 мыңнан асырған

AstanaTV
15.12.2020ж. 20:00
3415
"Агрофирма Түрікпен" шаруа қожалығы асыл тұқымды мал басын 6 мыңнан асырған

Жамбыл облысындағы «Агрофирма Түрікпен» шаруа қожалығы ақбас және қалмақ сиырының тұқымын 6 мыңнан асырған. Аймақтың ауыл шаруашылық саласын дамытып, мал басын асылдандыруға күш салған қожалық иесі - Бауыржан Әбілдаевты, өңір басшысы Бердібек Сапарбаев "Құрмет" орденімен марапаттады.

"Агрофирма Түрікпен" - асыл тұқымды қалмақ сиырын өсіретін бірден бір, ірі шаруашылық болып табылады. Бұл шаруа қожалығы 2000-шы жылы құрылған. Содан бері мал басын асыруға күш салып келеді. 100-ден астам жергілікті тұрғынды тұрақты жұмыспен қамтып отырған қожалық ретінде аймаққа жақсы таныс. Шаруашылықтың келесі жылға да жоспары айқын. Қосымша 2 млрд теңге инвестиция тарту арқылы асыл тұқымды мал басын мың жарымға көбейтпекші. Қожалық қожайыны Бауыржан Әбілдаев, ұлық мереке-Тәуелсіздік күні қарсаңында еңбегінің еленіп жатқанына алғыс білдірді.

Бауыржан ӘБІЛДАЕВ, «ҚҰРМЕТ» ОРДЕНІНІҢ ИЕГЕРІ:

"Агрофирма Түрікпен" 2015 жылдан бері қарай 7 миллиардқа жуық инвестиция құйды, Жамбыл облысына. Оның ішінде мал сатып алып жатырмыз.Техника алып жатырмыз. Қоражай салып жатырмыз. Үй салып жатырмыз.Тәуелсіздіктің арқасында мынау мал бағып, мал ұстап, ата кәсібімізбен айналысып жатырмыз. Еңбегімізді елеп, осылай марапатталып жатқаныма өте қуаныштымын. Алғысымыз шексіз.


Б. Жұмабай