$487.24 €529.34 ₽5.02
×

Елордалықтар «Менің туым. Менің Отаным!» атты акцияны қолдады

AstanaTV
15.12.2020ж. 20:00
3688
Елордалықтар «Менің туым. Менің Отаным!» атты акцияны қолдады

Елордалықтар «Менің туым. Менің Отаным!» атты патриоттық акцияны қолдады. Олар терезелері мен балкондарына егемендікті айшықтайтын көк туымызды іліп қойды. Тәуелсіздік күніне орайластырылған шараның мақсаты, ұлық мерекені ұлықтау. Мемлекеттік рәміздерімізді насихаттау арқылы оларға құрмет көрсету, азаматтардың туған еліне деген патриоттық сезімін ояту болып табылады.

«Менің туым. Менің Отаным!» акциясы бірнеше ай бұрын басталған еді. Жер-жерде қолдау тапқан челенжді, бас қаланың Сарыарқа ауданы тұрғындары да бір ауыздан қолдады. Олар көпқатты үйлеріндегі балкондары мен терезелеріне ту ілді. Келе жатқан Ұлы мерекемен осылай құттықтауды жөн көріпті.

Ұлжан МЫРЗАГЕЛДИЕВА, НҰР-СҰЛТАН ҚАЛАСЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ:

ҚР патриот азаматы ретінде «Менің туым. Менің Отаным!» атты акциясын қолдаймын. Тәуелсіздік мерекесі құтты болсын! Тек жақсылық болсын! Көк байрағымыз әрқашан желбіреп тұра берсін! Қазақстанның болашағы жарқын болсын!


Ержан МАДАЛИЕВ, НҰР-СҰЛТАН ҚАЛАСЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ:

 
Мен патриот ретінде тұрғындармен бірге осы акцияға қатысуды ұйғардым. Рәміздерге деген құрметіміз артып, еліміз, жеріміз қарыштап дами берсін дегім келеді.

Ту ілу акциясы, қалада тағы бірнеше күнге жалғаспақ. Бірегей шараға қала әкімдігі ұйытқы болып отыр. Олардың ақпаратына сүйенсек шаһар ішінде қолдаушылардың қарасы қалың. Сондықтан аудан шеңберінде ғана емес, қала бойынша, яғни елордалықтарды жаппай челенджге тартуды көздейді.

Әлия ҚҰСБЕКОВА, НҰР-СҰЛТАН ҚАЛАСЫ АЗАМАТТЫҚ БАСТАМАЛАР ОРТАЛЫҒЫНЫҢ МЕНЕДЖЕРІ:
 
Бұл челлендж біздің мемлекеттік рәміздерімізге, атап айтқанда Туға арналған. Тұрғындар терезелеріне ту ілген фото әлеуметтік желіде де көптеп кездесіп жатыр. Бұл тамаша дүние. «Менің туым, менің мақтанышым» хэштегін қойып, бөлісуге болады. Біз Азаматтық бастамалар орталығы ретінде осы челленджге қосылғымыз келеді және барлық белсенді азаматтарды қосылуға шақырамыз.

Сондай-ақ челенжді өзге елдердегі «Болашақ» бағдарламасының студенттері де қолдады. Олар ту тек мемлекеттік символ ғана емес, елімізді, жерімізді еске салатын қастерлі ұғым,- дейді.

Ә. Өмірзақ