Спорт Қазақстан
$443.35 €475.54 ₽4.82
×

Тауда үсіп, қайтыс болған алматылыққа қатысты, министрлік жаңа деректерді жариялады

AstanaTV
15.12.2020ж. 20:00
3385
Тауда үсіп, қайтыс болған алматылыққа қатысты, министрлік жаңа деректерді жариялады

Тауда адасып, артынша үсіп қалған алматылыққа қатысты төтенше жағдай министрі жаңа деректерді жариялады. Марқұм Ерман Байменовті Құмбелсу өзенінің бойынан алып шыққанда белінен төмен жансызданып қалған. 35 жастағы жігітті құтқару жұмыстары да оңай болмапты. Биіктіктен зембілмен  алып түскенше 4 сағат уақыт өткен. Жақындары болса, кешігіп барған құтқарушыларды айыптайды.

35 жастағы алматылық Титов ауданы маңына сенбі күні ертемен кеткен. Артқа қайтар жолда адасып қалған көрінеді. Ол кеш батып кеткен соң бірден жақындары мен құтқарушыларға қоңырау шалған. Туыстарының айтуынша, жедел құтқару жасағы оны сол сәтте іздеп тапқан. Бірақ көмек көрсетпей тастап кетті деді.  

Бейбіт ЫРЗАЕВ, Е. БАЙМЕНОВТІҢ ІНІСІ:

Сағат 12-ге таман Мақсат деген досына хабарын берген то что «МЧС спасателдер келе жатыр, құдай қаласа үйге барамын» деп. Бірақ ең соңғы сообщение келді ватцаппен азанғы 4-те, 13 декабрьде. «Олар  қарама-қарсы тауда тұр, маған келе алмайды. Азанда таң атқан кезде тек қана келеміз» деген. И олар кетіп қалған.


Жақындары содан бері Ерманнан хабар ала алмаған еді. Жанұшыра іздеу салғандар, құтқарушылар өз ісіне салғырт қарады деп айыптады. Дер кезінде әрекет еткенде қайғылы жағдай болмас еді деп отыр.

Бейбіт ЫРЗАЕВ, Е. БАЙМЕНОВТІҢ ІНІСІ:

Оны 4 сағатта түсірді ғой, ол қиын еще. Главное то что кеш жетті ғой олар. Кешігіп барды, үшінші күні барды. Бірінші күні кетуге болатын еді оларға. Просто они маршрута не правильно вообще не скоординировали.

Дегенмен құтқарушылардың өз уәжі бар. Тіпті министр бүгін осы оқиғаға қатысты түсінік берді. Ол төтенше жағдай мамандары құтқаруға асықпады деген ақпаратты теріске шығарды.  

Юрий ИЛЬИН, ҚР ТӨТЕНШЕ ЖАҒДАЙЛАР МИНИСТРІ:
 
БАҚ ешкім құтқармағандығы туралы теріс ақпараттар таратуда. Құтқарушылар күні-түні іздеуді тоқтатқан емес. "Дыбыс берді, айқайлады, ол да естіді, құтқарушыларымыз да естіді" деген ақпараттар нақтыланбаған. Ондай болмаған. Ер адам екі күннен кейін өте ауыр жағдайды табылды. Белден төмен бөлігін үсік шалған. Құтқарушылар оны жылы орап, тез арада төменге жеткізуге тырысты. Төменге түскен сәтте өкінішке орай жан тапсырды.


Министр ауа райының қолайсыздығына орай, тікұшақ пайдаланбадық деп отыр. Қазір "кісі өлімен" қатысты қылмыстық іс қозғалған. Өзгеде ақпараттарды полиция жариялауға құлықсыз.   

Әсем ЛЕСБЕК, ТІЛШІ:


Жасақ қызметкерлері марқұмның табылған аумақ аса қауіпті екенін айтады. Оны бағындыруға кәсіби альпинистердің өзі жүрексінеді екен.

Ә. Лесбек