$487.37 €532.94 ₽5.09
×

"ADAL" партиясы "Сайлауды бейпартиялық байқау орталығының" жұмысымен танысты

AstanaTV
21.12.2020ж. 20:00
1559
"ADAL" партиясы "Сайлауды бейпартиялық байқау орталығының" жұмысымен танысты

"ADAL" партиясы аймақтардағы үгіт-насихат жұмыстарының 70 пайызын аяқтады. Бұл туралы партия хатшысы Нұрлыбек Мұқанов, сайлауды бейпартиялық байқау орталығында өткен жиында айтты.

Жылдың басында өтетін саяси науқанды, бейпартиялық байқау орталығы да бақыламақ. Олар әрбір учаскіде заңбұзушылықтың орын алмауына септігін тигізеді. Бүгін орталық басшылары "ADAL" партиясының өкілдерімен кездесіп, олардың сайлауалды бағдарламасымен танысты.  

Бану НҰРҒАЗИЕВА, САЙЛАУДЫ БЕЙПАРТИЯЛЫҚ БАЙҚАУ ОРТАЛЫҒЫНЫҢ БАСШЫСЫ:


Біз мына партияға көмектесеміз деген әңгіме жоқ, барлық партияға бірдей көзқарас. Жаңағы кездесіп жатқанымыз олармен бірге қаншалықты... Олар көрсін осындай орталық бар, қанша бізде байқаушылар бар. Жаңа айтып жатыр "ADAL" партиясының осындай дұрыс болмаған жағдайы болса, бірге хабарласып айтсақ бола ма?" дейді. Әрине, біз оған қуанамыз.


"ADAL-дықтар" да бақылаушыларымыз дайын, деді. Ірі қалалар мен аудан орталықтарындағы сайлау учаскелеріне 500-ден аса адамды бақылаушы ретінде қатыстырмақшы. Жалпы партия республиканың оңтүстік, орталық, солтүстік облыстары мен Батыс Қазақстанның бірнеше аудандарында үгіт-насихат жұмыстарын жүргізіп қайтқан. Партия хатшысының сөзінше, тұрғындардың басым бөлігін толғандырған мәселе - коммуналдық қызметтер.

Нұрлыбек МҰҚАНОВ, "ADAL" ПАРТИЯСЫНЫҢ ХАТШЫСЫ:

Бүгін міне, алғашқылардың бірі болып сайлауды бейпартиялық бақылау орталығына келіп отырмыз. Әрине, өздеріңіз білесіздер біздің сайлау туралы заңнамамызға байланысты партияның өзінің бақылауы болады. Және де елімізде жаңадан ашылған бейпартиялық бақылау орталығына  келіп, одан арғы жұмысымызды, қарым-қатынасымызды толықтырып, бірге жұмыс жасауды көздеп отырмыз.

Науқаны әлі де жалғасуда. Нұрлыбек Мұқанов, коронавирустың қауіпті аймақтарында үгіт-насихатты онлайн жүргізіп жатқандарын жеткізді. Айта кетсем, "ADAL" партиясынан Парламенттің төменгі палатасына 16 үміткер ұсынылып отыр. Жергілікті мәслихаттарға 537 адам кандидат ретінде тіркелген.

А. Данияр