$494.87 €520.65 ₽4.91
×

Теріскейде, сырғанақта жүріп ағашқа соғылған келіншектің ес жимағанына төрт күн болды

AstanaTV
21.12.2020ж. 20:00
3942
Теріскейде, сырғанақта жүріп ағашқа соғылған келіншектің ес жимағанына төрт күн болды

Ал, Қызылжарда сырғанақта жүріп ағашқа соғылған келіншектің есін жинай алмай жатқанына төрт күн болды. Дәрігерлер оның жағдайы ауыр екенін айтып отыр. Ал, адам мертіккен сырғанақ болса жұмысын жалғастырып келеді. Мекеме басшысының айтуынша, хәл үстінде жатқан қауіпсіздік ережелерін сақтамаған көрінеді.  Аймақтағы тілшіміз Абзал Құрманкин жалғастырады.

Борки кентінде болған оқыс оқиға дүйім жұртты дүрліктірді. Тюбингпен сырғанаған келіншек ағашқа соғылып ауруханаға түсті. 37 жасар тұрғынның есін жинай алмай жатқанына бүгін төртінші күн.

Гүлнар ҚАЛИЕВА, СҚО ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАСПАСӨЗ ХАТШЫСЫ:


Алған жарақаттар нәтижесінде комаға түсті. Қазір көпсалалы облыстық ауруханада жатыр. Дәрігерлер екі ота жасады. Жағдайы ауыр. Жасанды өкпені желдету аппаратына қосылған. Дәрігерлер қолдан келгенін істеп отыр. Алған жарақаты бас сүйегіне қатысты.


Бұл сырғанақ негізінде шанғышыларға арналған көрінеді. Комаға түскен келіншек кәсіби спортшылар жаттығатын жерде мертігіпті.

Ольга НАДОБЕНКО, ОЛИМПИАДА РЕЗЕРВІН ДАЙЫНДАУ ОРТАЛЫҒЫНЫҢ ЖЕТЕКШІСІ:

Бізде бірнеше сырғанақ болса да, оның біреуінде ғана шанамен сырғанауға болады. Бұл сырғанақтың ережесінде жазылған. Бірақ адамдар оған мән бермейді. Бұл әйел шаңғышылардың жолағында сырғанаған.


Оқыс оқиғаға нақты кімнің айыпты екені әзірге белгісіз. Полицияда тергеу амалдары жүріп жатыр.

Нұрбек БАЕКИН, СҚО ПД БАСПАСӨЗ ҚЫЗМЕТІНІҢ ИНСПЕКТОРЫ:

Бұл факті қалалық полиция басқармасының бірінші бөлімімен сотқа дейінгі тергеп тексерілудің біріңғай тізіміне ҚР қылмыстық кодексінің 114 бабы яғни абайсыздан денсаулыққа зтян келтіру бойынша енгізілді. Бүгінгі таңда куәгерлерден жауап алынып,тергеу жүргізілуде.

Айта кету керек, соңғы аптада сырғанаққа қатысты осымен үшінші қайғылы жағдай тіркеліп отыр. Бірер күн бұрын Алматыда 10 жасар жеткіншек сырғанақтың кесірінен бақилық болды. Ал, Қарағанды облысында қыз бала омыртқасын зақымдады.

Қарағандылық атқамінерлер, сырғанақтың жабылмайтынын айтып отыр. "Демалушылар қауіпсіздік ережелерін сақтауы керек", дейді шенеуніктер. Петропавлде де осыған ұқсас жағдай. Сырғанақ жұмысы жалғаса береді. Тек, тиым салынған жерлерге арнайы белгілер орнатылмақ.

А. Құрманкин