Спорт Қазақстан
$443.85 €474.3 ₽4.8
×

Өңірлерде пиротехникалық заттардың сапасы мен құжаты тексеріліп жатыр

AstanaTV
22.12.2020ж. 20:00
3257
Өңірлерде пиротехникалық заттардың сапасы мен құжаты тексеріліп жатыр

Жаңа жыл жақындаған сайын астыртын сауда қыза бастайды. Әсіресе қауіпті отшашу саудасы. Осыны ескерген шенеуніктер алдын-ала қамдана бастады. Мысалға, Қостанайда түнгі он бірден кейін отшашу атуға тиым салынды. Ережені бұзған тұрғындар әкімшілік жауапқа тартылып ірі көлемде айып пұл төлейді. Өңірде, "Пиротехника -2020"  жедел алдын алу операциясы басталды. Рейдтік шараға полицейлер мен еріктілер, төтенше жағдай департаментінің қызметкерлері атсалысып жатыр. Отшашу  опық  жегізбес үшін нені ескерген жөн? Жарылғыш заттардың зардабы жайлы Заңғар Санай тарқатады.

Жаңа жыл қарсаңында пиротехникалық заттардың саудасы қыза түседі. Әсіресе ірі базарлар мен ашық сауда алаңдарын сан алуан отшашулар жаулайды. Рейдттік топ, ашық-жабық базарларды тегіс тексеріп, жарылғыш бұйымдардың сапасы мен мерзімін қарап шықты.

Азамат ОРЫМБАЕВ, ҚОСТАНАЙ ОБЛЫСТЫҚ ТӨТЕНШЕ ЖАҒДАЙЛАР ДЕПАРТАМЕНТІ БАСТЫҒЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ:


2019  жылдың 25 желтоқсанынан 10 қаңтарына дейін 54 өрт тіркелген болатын. Онда екі адам зардап шеккен болатын. Өрттерді болдырмау мақсатында  осы орталық базарда келген адамдармен де, халықпен де профилактикалық  жұмыс жүргіземіз.

Қостанай базарында  қытай мен қырғыз өнімдері байқалмады. Саудагерлер отандық отшашулардың сан түрін сатып тұр екен. Сапасы тәуір, бағасы арзан дейді.

Рустам АСАНОВ, САТУШЫ:


Сапасы жақсы. Бағасы да сәйкес келеді. Егер біз басқа фирмалармен айырмашылығы қарасақ, біздікі жақсырақ. Түстері де , ататын оқтары да жақсы болады.

Заңғар САНАЙ,ТІЛШІ:

Сатушылар жасөспірімдерге жарылғыш заттарды сатпайтынын айтты. Алайда өткен жылы облыс бойынша осындай отшашулардан 20 бала зардап шеккен. Олар бас-көзін, аяқ-қолын жарақаттаған.

Ал шымкенттік саудагерлер  қулыққа басып, астыртын саудаға көшкен сыңайлы. Өйткені рейд барысында жалғыз жерде  пиротехникалық  заттың тиісті құжаты болмай шықты. Заңсыз сауда тіпті парфюмерия мен әшекейлер сататын дүкендерден табылып жатыр. Лицензиясы жоқ. Өрт қауіпсіздік ережесі де өрескел бұзылған. Сатушы құжатсыз өнімді "өзіме алдым", деп ақталды.

Аманбек БЕЙСЕНБАЕВ, ШЫМКЕНТ қ. ТЖД БАСТЫҒЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ:

Үй жайларда, тұрғын үйлердің жоғарғы қабатты үйлердің балкондарында  және үйдің қас бетіне қарама –қарсы тұрып пиротехникалық заттарды пайдалану. Сонымен қатар Жаңа жылға қарсы өткізілетін іс-шаралар кезінде де адамдар көп жиналған орындарда осы пиротехникалық заттарды пайдаланбау жөнінде біз ескертіп жатамыз.

Қостанайдағы қос департаменттің  рейдтік шарасы  екі аптаға созылады. Бірлескен топ пиротехникалық заттарды сату, сақтау және  қолдану ережелерін бақылауға алады.

Әділ ЖҮСІПБЕК, ҚОСТАНАЙ  ҚАЛАСЫ ПОЛИЦИЯ БАСҚАРМАСЫНЫҢ ИНСПЕКТОРЫ:

Түнгі он бірден кеткенде жаруға болмайды. Әкімшілік жауапкершілікке  тартылады. Құжаттарын тексердік бәрі сәйкес, бәрі дұрыс. Әлі ешкім жауапқа тартылған жоқ.

Екі күндік рейд барысында ешкім әкімшілік жауапкершілікке тартылған жоқ. Еске салайық өткен жылы рұқсатсыз сапасыз  өнім сатқан үш адамға 20 айлық есептік көрсеткіш көлемінде айыппұл салынған.

З. Санай