Пәтер иелері кооперативтері – өзіміз құрған «империя»... деп материал жасағанбыз. Сол тақырып қалып тұр. Салынған үйлердің сапасы бір әңгіме, ал осы, пәтер иелері кооперативтері неге ешкімнің әлі келмейтін «империя»?Алқам-салқам, кір-кір, суға толы подьездер, бала ойнайтын, адам отыратын алаңқайлар тым жұпыны, қыста қалың қарға көміліп, көлік қоятын жер жоқ, көктемде лай суға, жыл он екі ай қоқысқа толы аулалар. Көбі. Бажайлап қараған адамға осылай тұруы, бірінші кезекте өзімізге байланысты. Себебі пәтер иелері кооперативтерінің қызметін қадағалауға, сапалы сағаттай жұмыс істетуге ешнәрсе кедергі емес. Қыл аяғы осыны істей алмайтынымызға – тұратын үйімізде тәртіп орната алмайтынымызға қарап, жалпы тіршіліктің қиюы неге қиыспайтынын түсінуге болады. Сонымен бірге пәтер иелері кооперативтерін басқаратын маман жоқ. Шын мәнінде инженерлік-коммуникациялық желілер, экономика, бухгалтерия бойынша білімі бар және тұрғындарды ұйыта алатын арнайы маман дайындайтын уақыт туды. Көрші Ресейде сөйтіп жатыр. Бізде? Білім және ғылым министрлігі сауалымызға жауап бермеді. Сұранысқа қарай, жаңа мамандықтар енгізілетіні даусыз. Алайда біз айтып отырған мамандықтың қажет екені туралы түсінік жоқ-ау... Әкімдік араласпаса болмайтын, шешілмейтін мәселелер аз еместігін білеміз. Бірақ...пәтер иелері кооперативтеріндегі «сен салар да мен салар, атқа жемді кім салар» көрініс Астана мысалында.
Диана Сапарқызы, тілші:
Мына 5 қабатты тұрғын үй 1980 жылы салынған екен. 4 жыл бойы қар ерісе, жаңбыр жауса, төбесінен толассыз су аға бастайды. Тіпті мына электр торабына су тиіп кетсе, ертеңгі күні үй толығымен өртеніп кету қаупі бар дейді тұрғындар.
Гүлшат Жамалова, тұрғын:
Тұрып жатқанымызға бәленбай жыл болды. Бірақ тұрып жатқанымызға осындай су ағып, ешқандай не кск, не акимат, ешқай жақтан бізге көмек жоқ. Жазатын жерге бәріне жаздық.
Қорлан Сәбитханқызы, тұрғын:
Қыс болса, қарымыз еріп, ағады. Жаз болса жауыны себеді. Үнемі осындай су болып тұрады. Және де екініші этажға дейін су барып жатыр. Екінші винтеляция жоқ.
Төбеден су аққаны былай тұрсын, тұрғындар подъезде тазалықтың сақталмайтынына наразы. Ай сайын 2300 теңгені төлеп отырсақ та, талай жылдан бері санитарлық жұмыстар тиісті дәрежеде атқарылмай келе жатыр,- дейді.
Самат Жамалов, тұрғын:
Төбесіне шықсақ, екі қабат слой қара қағаздары жан-жақта шашылып жатыр. Төбесінің барлығы толған мусор. Кептерлер өліп жатыр. Мысықтар өліп жатыр. Бізге тек КСК осының бәрін жөндеп берсе...
Тұрғындардың мәселесімен, қызмет көрсетіп отырған пәтер иелері коперативіне ат басын бұрған едік, алайда ол жерден коперативтің басшысын таппадық.
Бұл жағдай бір Астананың өзінде
болып жатқан мәселе. Елде мұндай проблемасы бар тұрғындардың саны шексіз десек,
қателеспейміз. Ал сарапшы мамандар пәтер иелері коперативінің жұмысы бойынша
әкімдікке немесе прокуратураға шағым түсіру - бос әрекет екенін айтып отыр.
Себебі бұл мәселе тек тұрғындардың өзіне керек дүние. Тұрғын үй заңдылығы
бойынша қандай да бір орган жауапты емес деп отыр.
Станислав Лопатин, заңгер-сарапшы:
Тұрғындар әкімдік арқылы пәтер иелері коперативіне «лифтіні жасап бер» деп мәжбүрлей алмайды. Оны өздері жасауы қажет. Ревизиялық комиссия арқылы, болмаса, сот арқылы кооператив төрағаларын ауыстыра алады. Мәселе тұрғындардың тек өзіне қатысты, заңда солай жазылған.
Елордалық прокуратураның мәліметінше, Астанада 2401 көпқабатты тұрғын үй бар. Оларға 419 пәтер иелері коперативі қызмет көрсетеді. Жыл басынан бері тұрғындар тарапынан коператив иелерінің үстінен 9 мыңнан аса шағым түскен. Оның 50 пайызы жиналған қаржының қайда жұмсалғанын білгісі келетіндер. 30 пайызы үйлердегі техникалық жағдайдың сын көтермейтініне наразы. Қалған 20 пайызы пәтер иелері коперативі қызметкерлерінің әрекетсіздігіне шағымданған.
Бауыржан Төлегенов, Астана қаласы прокурорының аға көмекшісі:
Келіп түскен шағымдарды тікелей
тұрғын үй инспекциясына бағыттап отырамыз. Олар қарап, заңсыздықтар тауып
жатса, шара қолданады. Біз тұрғын үй
заңмасына сай пәтер иелері коперативтерінде заңсыздықтар болған жағдайда,
әкімшілік жауапкершілікке тарту жайлы ұсыныстар жібереміз.
Коператив жұмыстарының бір бөлігі ол - лифт. Еліміздегі лифтілердің басым көпшілігінің жағдайы сын көтермейді. Астаналық атқамінерлердің айтуынша, әр лифтіге 25 жыл кепілдік беріледі екен. Алайда, көбісі 25 жылға жетпей істен шығады. Мұндай жағдайдатұрғындардың қалтасынан қаражат шығарудан өзге амалы жоқ,- деп түсіндірді олар. Осы орайда, пик-нің төрағалары лифтінің қыр- сырын аздап болса да түсіну үшін арнайы оқудан өту керектігін баса айтты.
Думан Жайлыбеков, Астана қаласы тұрғын үй инспекциясы басқармасының бөлім басшысы:
Лифтілерге жауапты, яғни пәтер иелері коперативінің төрағалары арнайы оқу курстарынан өту қажет. Лифтінің қыр-сырын түсіну үшін аздап болса да білім қажет. Және көп жағдайда қызмет көрсетуші компаниялар өз істеріне немқұрайлы қарағандықтан осындай келеңсіз жағдайлар болып отырады. Екінші жағынан, лифтіні жөндеуге тұрғындар ақша жинамайды.
Елорада 30 тұрғын үйде орналасқан 169 лифтінің жұмысын қалалық прокуратура тексерген. Құзырлы орган өкілінің айтуынша, лифтілердің қызмет көрсетуі техникалық талаптарға сай еместігі анықталған. Қалада жалпы 7000-ға тарта лифт бар. Прокуратура қызметкерлері биыл лифттерге қызмет көрсету ұйымдарының 10-н әкімшілік жауапкершілікке тартқан. Олардың әрбіріне салынған айыппұлдың көлемі 50 айлық есептік көрсеткішті құрады.
Пәтер иелері коперативтері жұмысын жақсарту мақсатымен шенеуніктер бірқатар ұсыныс дайындаған.
Рустам Бегалинов, Астана қаласы тұрғын үй инспекция басқармасының бөлім басшысы:
Ең алдымен төрағалардың әкімшілік жауапкершіліктерін арттыру керек. Тиісінше, пәтер иелері коперативі өкілдеріне әкімшілік жауапкершілікті қатаңдату туралы ұсыныстар депуттарға жіберілді. Сондай-ақ, сервистік компанияларды тарту арқылы да жұмысты жақсарту қарастырылған.
Ал пәтер иелері коперативінің төрағасы болу үшін қандай талаптар қойылған?
Рустам Бегалинов, Астана қаласы тұрғын үй инспекция басқармасының бөлім басшысы:
Жоғары техникалық білімі болу қажет. Заңгерлік білім де артық болмайды. Сонымен қатар, тұрғын үй шаруашылығына қатысты 5 жылдан кем емес тәжірибесі, іскерлік әкімшілік магистрі немесе басқару саласында қосымша білімі болған абзал.
Диана Сапарқызы, тілші:
Бірақ ондай бесаспап маман көп емес екені
белгілі. Білім және ғылым министрлігі техникалық, заң жағынан білімі бар,
жұртты ұйытып, ұйымдастыра алатын арнайы маман дайындаудың уақыты туғанын ұғып,
жаңа мамандықтар тізіміне енгізді ме екен?- деп, сауал жібергенбіз. Тырс
етпеді. Терезеден емес, төбеден ұратын тамшылар туралы қисық ән жазатынын біреу
шығатын шығар...
Диана Сапарқызы «Біздің уақыт».