$498.34 €519.72 ₽4.85
×

Елордада 2 адам өліміне әкеліп соққан жаппай төбелес болды

AstanaTV
23.12.2020ж. 20:00
1754
Елордада 2 адам өліміне әкеліп соққан жаппай төбелес болды

Елордада жаппай төбелес болып, 2 адам көз жұмды. Тағы бір адам хәл үстінде жансақтау бөлімінде жатыр. Бұл ақпаратты қалалық қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы растады. Ал, төбелес кезінде көз жұмғандар 39 және 44 жасар Қызылорда облысының тұрғындары көрінеді. Келтірілген деректерге қарағанда біреуі оқ жарақатынан, екіншісі пышақтан қаза болған. Оқиға түнгі 11-лер шамасында болыпты.  

Әйгерім АРДАҚҚЫЗЫ, НҰР-СҰЛТАН қ. ҚОҒАМДЫҚ ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАСПАСӨЗ ХАТШЫСЫ:


23:45-те екі науқас №1 көп бейінді ауруханаға көптеген жарақаттармен жеткізілді. Біреуі қабылдау бөлімі деңгейінде қайтыс болды. Екіншісіне ота жасалып дәл қазір реанимация бөлімінде өте ауыр жағдайда. Жас жігіт, 23 жаста.


Құқық қорғау органдарының дерегінше, жаппай төбелес қарызды қайтармудан шыққан. Келісе алмаған тараптар бір-біріне суық қару алып жүгіріпті. Жанжалға қатысы бар 11 адам анықталды. Олар уақытша ұстау абақтысына қамауға алынды, деді полиция департаментінің өкілі. Ал, кикілжіңнің нақты қай зауытта болғанын полиция ашып айтпай отыр.

Эльмира ШАУЛЕНОВА, НҰР-СҰЛТАН қ. ПОЛИЦИЯ ДЕПАРТАМЕНТІНІҢ БАСПАСӨЗ ЖЕТЕКШІСІ:

Полиция қызметкерлері оқиғаға қатысқан күдіктілерді анықтап, ұстады. Қазіргі уақытты айғақты заттар тәркіленіп алынды. Аталмыш факт бойынша, ҚР ҚК 99-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеп тексеру амалдары жүргізілуде.

Қанды қылмыс қала сыртындағы бетон зауыты маңында болған. Естідік деген, жұмысшылардан сұрадық. Бірақ олар, жауапты қысқа ғана қайырды.  

А. Данияр