$498.34 €519.72 ₽4.85
×

«ADAL» партиясының үміткерлері Ақтөбеліктермен кездесті

AstanaTV
23.12.2020ж. 20:00
1415
«ADAL» партиясының үміткерлері Ақтөбеліктермен кездесті

«ADAL» партиясының үгіт-насихат жұмыстары, бүгін Ақтөбе облысында жалғасын тапты.  Партиялықтар тұрғындарымен кездесіп, сайлауалды бағдарламасымен таныстырды.  

"ADAL-дықтардың" сайлауалды бағдарламасы бес негізгі бағытты қамтыған. Бағдарламаны әзірлеу үшін, алдымен 2 миллионнан астам адамнан сауалнама алынған. Сөйтіп, халықтың ең өзекті мәселелері іріктеліпті. Арасында шағын және орта бизнесті қолдау, агроөнеркәсіптік кешенді дамытуға басымдық беру, сондай-ақ халықтың өмір сапасын көтеру қарастырылған. Негізгісі өңірлерді қолдау, деді партия өкілдері. Соның ішінде елдің барлық өңірлеріне қазына қаражатын теңдей бөлу де бар.
 
Ләззат ШЫҢҒЫСБАЕВА, «ADAL» ПАРТИЯСЫНЫҢ МҮШЕСІ:

Бюджеттің де бөлініп жатқанын қарасақ жалпы үлкен көлемі үш қалаға Алматыға, Шымкентке және Нұр-Сұлтанға бөлінеді екен. Бірақ өңірлерге поддержка керек болып тұр. Қаражат бюджеттен өңірлерге тең бөлінсе, ол көмек болатын еді. Өңірлердің өркендеуіне, көтерілуіне.

 
Сондай-ақ кандидаттар жер-жерде халықпен кездесіп, олардың мәселелерімен танысты. "Халықтың әл-ауқатын көтеруді" мақсат еткен саяси ұйымның бұл бастамасын қолдаушылар да табылды. "ADAL" жақтастары сайлауда жеңіске жетсе, Ақтөбедегі ең төменгі күнкөріс мөлшерін екі есеге ұлғайтуға уәде етті.

Әнуар КЕЛІМБАЕВ, «ADAL» ПАРТИЯСЫНЫҢ МҮШЕСІ:

Сондықтан оны 33 мыңнан 60 мыңға дейін көтеруді көздеп жатырмыз. Бұл бір. Екіншіден, қария үлкен ата-анамыз бар. Олар пенсияға шығатыны бар,пенсияға шыққан зейнеткерлер бар. Олардың да пенсияларын ең төменгі 60 мыңнан басталу керек деп осындай бағдарламада ұстанымыз бар.

Айта кетсем, "ADAL" партиясы саяси науқанға 553 кандидатын ұсынып отыр.

А. Данияр