Спорт Қазақстан
$448.15 €483.46 ₽4.86
×

Британия Еуроодақтан шықты

AstanaTV
25.12.2020ж. 20:00
2149
Британия Еуроодақтан шықты

Жалпы ұлттық референдумнан кейін араға 4 жыл салып Британия Еуроодақтан шықты. Сөйтіп, ақыры Лондон мен Брюссель ажырасты. Тараптар қол қойған ресми құжат 2 мың беттен тұрады. Келісімге сәйкес Британия 28 бағыт бойынша өз көзқарасын өткізді. Ал, Брюссель 11 позиция бойынша "дегеніне жетті".

Еуропалық ақпарат құралдары бұл келісімді "жаңа жылдық шоқындыру" деп атады. Өйткені, даулы келісім көбінің жүйкесін жұқартып болған. Жыры 4 жылға созылған ажырасу процесіне түбінде нүкте қойылды. Бриттар Еуроодақты тастап дара шықты.

Борис ДЖОНСОН, БРИТАНИЯ ПРЕМЬЕР-МИНИСТРІ:

Менімше бұл келісім екі жаққа да тиімді. Арада тығыз қарым-қатынас қалыптасады деп сенемін. Саясаткерлердің көбісі пандемияға байланысты бұл мәселені кейінге қалдыру керек деген. Бірақ біз ақыры дұрыс шешім қабылдадық.

Келісім 200 беттен тұрды. Тараптар өз көзқарасын өткізуге тырысты. Британия айтпақшы, одақтан шыға тұра 450 млн тұтынушысы бар нарықты сақтап қалды. Ресми Лондон Еуроодақпен тең саудаласа беретін болды. Ал, балық аулау аумағына келгенде Лондон Еуроодаққа басымдық берді.

Найджел ФАРАДЖ, BREXIT ПАРТИЯСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ:

Британияда талай жылға созылып кеткен - көзқарас "соғысына" бүгін нүкте қойылды. Нәтижесі қандай болғанымен мұны атап өтуіміз керек деп ойлаймын. Бұл әрине жақсы емес десе де 5 жыл бұрынғы текетірестен артық.


Найджел Фрадж пікірін басқа саясаткерлер де қолдайтын сынайлы. Еуро комиссия басшысы Урсула фон дер Ляйен, өткенді ұмытып болашаққа нық сеніммен қарайық, дегенді айтты. Қалай болғанымен Британия Еуроодақтың сенімді серігі болып қала бермек.

Урсула ФОН ДЕР ЛЯЙЕН, ЕУРОКОМИССИЯ ПРЕЗИДЕНТІ:

Бұл ұзақ әрі күрделі келіссөз болды. Дегенмен ұтымды келісімге келдік. Екі тарапқа да тиімді болды деп ойлаймын. Бүкіл еуропалықтарға айтар едім. Брекситті ұмытайық ол тарих. Бәрібір бәріміздің болашағымыз Еуропада.

Саймон САДБЕРГ, ЛОНДОН ҚАЛАСЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ:

Ақыры келісімге келгендері қуантады. Шынын айтсам 2 мың бетті оқып шықпадым. Не келісімге келгендерін білмейді екенмін. Десе де сөз табысты. Осының өзі жақсы жаңалық.

Сара КАММИНГС, ЛОНДОН ҚАЛАСЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ:

Біз бұл уағдаластықты 4 жыл күттік. Бірнеше Премьер ауысты. Нақты қандай өзгеріс боларын білмедім. Менімше Еуроодақтан біз бекер шықтық.

Ортақ уағдаластық болмағанда Лондон мен Брюссель, Дүниежүзілік сауда ұйымы шарттарына сәйкес сауда жүргізетін еді. Бұл екі жаққа да тиімсіз. Тауарлардың құны қымбат болатыны анық. Ал, келісімді Британия Парламенті желтоқсанның 30 күні ратификациялайды. Сөйтіп, жаңа жыл түні Лондон ресми түрде Еуроодақтан шығады.

А. Сүйінбаева