Спорт Қазақстан
$447.4 €477.55 ₽4.76
×

Атырауда жеке емхана медбикелері басшыларынан қысым көрген

AstanaTV
25.12.2020ж. 20:00
2718
Атырауда жеке емхана медбикелері басшыларынан қысым көрген

Атырауда "Теңізшевройл" сияқты ірі кәсіпорындарға қызмет көрсететін жеке клиника медбикелері басшылық тарапынан қысым көрген. Бүгін олар арыз-шағымдарын айтып емхана алдына жиналды. Айтуларынша, бәріне себеп пандемия болған. Медбикелер COVID-19-ға шалдыққандарды емдегені үшін басшылықтан үстемақы сұрапты. Бұл басшылыққа жақпаған. Емхана басшылары белсенді медбикелерге қысым көрсетіпті.

Нұрлыгүл ЖҰБАНИЯЗОВА, МЕДБИКЕ:

Пациент оң болса да, теріс болса да, ішінде 4 сағаттап жүрдік. Енді провизорный стационардың ішінде жүріп, енді біздер үстемақымызды сұрасақ, «инфекционный статуспыз ба»,- деп сұрасақ оған біздер жауап бермейді. Сосын біз өзіміз алдық та прокуратураға жаздық.  Соны сұрағанымыз үшін бізді қудалап жатыр.


Сәуле РИЗУАНОВА, МЕДБИКЕ:


Қудалауға түскеніміз біздің үстемақыны сұрап құқық органдарына сол хабарлама түсіргеніміз үшін деп ойлаймын. Бұл адамның қыр соңынан қалмау. Мені қудалау деп есептеймін.

Ал, «Prospekt Medikal Caspian» медициналық мекеменің басшылығы болса бұл ақпаратты, жоққа шығарып отыр. Қалай болғанымен 6 медбике арызы бойынша комиссия құрылды. Бұл іске еңбек инспекциясы мен прокуратура араласқан.

Айбар АҚЕДІЛОВ, ЖЕКЕ КЛИНИКА ДИРЕКТОРЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ:


Біздің жалақымыз жоғары басқаларға қарағанда. Сол жалақының ішінде жұмысқа байланысты  барлық қиындықтар соның ішіне кіреді деп есептейміз.  Қысым деп есептеп отырғаны соңғы өзгерістерді айтып жатқан болар. Бірақ біздерге бір объектіден бір объектіге медициналық қызметкерлерді ауыстыруға қақымыз бар.

Б. Надирқызы