«Ақ жол» демократиялық партиясының өкілдері Шымкентте бірқатар кездесу өткізді. «Скат» әуе компаниясы қызметкерлерімен, медицина мамандары және кәсіпкерлермен жүздесті.
Партияның республикалық сайлауалды штабының үгіт-насихат жұмыстары қауырт. Ақжолдықтардың пікірінше, елде әлеуметтік әділеттілікті орнату қажет. Сондықтан, халықтың басым бөлігі жұмыспен қамтылса, мәселенің шешілетініне бек сенімді. Ал ол үшін шағын және орта кәсіпке қолдауды күшейту қажет деп отыр. Үгіт-насихат тобы "Ақ жол" демократиялық партиясының сайлауалды бағдарламасында бұл мәселені шешу жолдары көрініс тапқанын айтты. Сонымен бірге өз жоспарларымен бөлісті. Сайлауалды бағдарлама халықтың әлеуметтік жағдайын жақсарту екенін жеткізді.
Әлімхан ДОШЫБАЙҰЛЫ, «АҚ ЖОЛ» ДЕМОКРАТИЯЛЫҚ ПАРТИЯСЫНЫҢ МҮШЕСІ:
Келесі жылы қазба байлықтарының контрактысының уақыты келе бастайды. Соларды мемлекеттік тұрғыда дұрыстап, қайтадан инвесторлармен шарттарды реттеп, жалпы халықтың әлеуметтік жағдайын көтеру.
Партия белсенділері келер жылы Шымкентте халықаралық әуежай салуды жоспарлап отыр. Жаңа нысан сағатына 2 мың жолаушыны қабылдайтын қауқары болмақ. Әуекомпания президенті Владимир Денисовтың айтуынша, бұл - үлкен авиациялық хабқа айналмақ. Партия төрағасы Азат Перуашев мегаполисте нысан салудың қаншалықты маңызы екенін түсіндірді.
Азат ПЕРУАШЕВ, «АҚ ЖОЛ» ДЕМОКРАТИЯЛЫҚ ПАРТИЯСЫНЫҢ ТӨРАҒАСЫ:
Бұрыңғы кезде жекеменшік компаниялар мұндай жобалармен айналыспаған. Осы жолы компания жаңа терминал салып, менің ойымша біздің экономикамыздың дамуына, жалпы экономикамыздың құрылымында жаңа саланы ашып отыр. Себебі біз әлі күнге Еуропамен Азия арасындағы көпір ретіндегі рөлімізді дұрыстап түсінген де, көп назар аударған да жоқпыз.
Ғ.Өтемісов