$488.91 €532.62 ₽5
×

"ADAL" партиясының өкілдері Ақтауда жүр

AstanaTV
25.12.2020ж. 20:00
1721
"ADAL" партиясының өкілдері Ақтауда жүр

Ал, "ADAL" партиясының мүшелері, үгіт-насихаттар жұмыстарымен Ақтауда жүр. Сайлаушылармен кездесіп, өз бағдарламаларын жан-жақты түсіндірді.

Ақтау - "ADAL" партиясының үгіт-насихат тобы барған 14-ші өңір. Мұнда олар тұрғындармен кездесіп, аймақтағы мәселелерді тындады. Халықты жұмыссыздық, жалақының төмендігі мен коммуналдық қызметтер алаңдатады. Партиялықтар оны шешу жолдарын бірге іздестірді. Сондай-ақ олар бизнес бастауға ниеттілерді қолдайтынын жеткізді. Жиында, мұнайлы өлкеде ауыл шаруашылығын дамыту жайы да сөз болды.

Эльдар ЖҰМАҒАЗИЕВ, "ADAL" ПАРТИЯСЫНЫҢ МҮШЕСІ:

Мұнай саласының жайы белгілі. Иә, қазір мұнайға сұраныс өсіп жатқан жоқ, бағасы төмендеп жатыр. Болашақта қалай болады ең басты мәселе сол. Ең басты мәселе өңдеу өнеркәсібі, ауыл шаруашылығы осы жөнінде айтқымыз келеді. Мұнайдан басқа табыс көзі қандай болмақ, солай емес пе? Қарап отыра бергенде ертең күніміз не болады? Соның бәрін айтқымыз келеді, шынайы әңгіме болады деп есептеймін, халықпен.

Өңірде сайлауалды бағдарламасын кеңінен насихаттап жүрген топ, көпбалалы отбасылардың да проблемасына құлақ түрді. Әрине, бірінші кезекте баспанамен қамту жайы көтерілді. Тіпті жалақысы тұрақты жұмыс табуға көмектеспек. Айта кетсем, "ADAL" партиясынан Парламенттің төменгі палатасына 16 үміткер ұсынылған. Ал, жергілікті мәслихаттарға 537 адам кандидат ретінде тіркелген.   

А. Данияр