Спорт Қазақстан
$439.43 €473.31 ₽4.82
×

Тәуелсіз байқаушылардың арнайы орталығы құрылды

AstanaTV
25.12.2020ж. 20:00
1709
Тәуелсіз байқаушылардың арнайы орталығы құрылды

10-шы қаңтарда өтетін сайлау қарсаңында Шымкентте тәуелсіз байқаушылардың арнайы орталығы құрылды. Оның құрамында үкіметтік емес ұйым өкілдері, кәсіподақ саласының мамандары, саясаттанушылар мен психологтар бар. Олар тәуелсіз байқаушыларды әлемдік стандарт негізінде оқытуды мақсат еткен. Бұдан бөлек бақылаушыларға сайлау заңдылығы да үйретілуде. Тәуелсіз байқаушы сайлау учаскесінде қандай да бір заңбұзушылықты байқаған жағдайда дұрыс әрекет етуге дайын болуы тиіс, - деді шараны ұйымдастырушылар. Орталықтағылар бүгінге дейін байқаушының негізгі міндеттері мен әдебі тақырыбында семинарлар ұйымдастырып, арнайы тренингтер өткізген. Жалпы, Шымкент қалалық аумақтық сайлау комиссиясының мәліметінше, күні бүгінге дейін барлық партиядан 1 мың 517 байқаушы тіркелген.

Баян ЖАНДОСОВА, ҚАЗАҚСТАН АЗАМАТТЫҚ АЛЬЯНСЫНЫҢ МҮШЕСІ:


Біз өз штабымызда 293 байқаушы дайындап жатырмыз. Олармен әлбетте тиісті жұмыстар жүргізілуде. Тәуелсіз байқаушыларға сайлау барысында заңды бұзбай өзін қалай ұстау керегін психологтар мен саясаттанушылар үйретіп жатыр.

А. Төребекқызы