Спорт Қазақстан
$442.05 €474.14 ₽4.74
×

Қазақстанда алғаш рет «Disney» киноконцертінің телевизиялық нұсқасы көрсетіледі

AstanaTV
25.12.2020ж. 20:00
2544
Қазақстанда алғаш рет «Disney» киноконцертінің телевизиялық нұсқасы көрсетіледі

Қазақстанда алғаш рет «Disney» киноконцерті телевизиялық форматта көрсетіледі. Кинокомпанияның аңызға айналған 11 мультфильмінен 22 композиция қазақ тілінде шырқалады. Эстрадалық-симфониялық оркестрдің сүйемелдеуімен танымал әншілер жанды дауыспен орындайды. Шырқалатын әндер арасында, жақында ғана әлемдік кинопрокатқа шыққан «Мулан» фильмі саундрегі, үлкен-кіші бірдей жақсы көретін «Аладдин», «Арыстан патша» секілді мультфильм композициялары бар. «Жұлдыздар шеруі» атты концерт «Astana» арнасында, желтоқсанның 27-і күні сағат 15:00-де көрсетіледі.

Динара ШӘЙЖҮНІСОВА, «БОЛАШАҚ» КОРПОРАТИВТІК ҚОРЫ ҚАМҚОРШЫЛЫҚ КЕҢЕСІНІҢ ТӨРАЙЫМЫ:

2 жыл бұрынғы Disney-дің өкілдерімен кездесу кезінде Қазақтанда бірінші рет киноконцерт өткізу мүмкіндігін алдық. Бірақ бұл үшінші концерт болғанымен, алғаш рет телевизиялық форматта ұйымдастырылып отыр. Шырқалатын саундтректер 11 «Оскар» сыйлығын жеңіп алған.

Ә. Өмірзақ