Ауа райы -
Негізгі / Жаңалықтар / АҚШ-та аспаннан игуана "жаууы" мүмкін

АҚШ-та аспаннан игуана "жаууы" мүмкін

АҚШ-тағы Флорида тұрғындарын демалыс күндері ерекше күн райы күтіп тұр. Олардың үстіне мұзға қатып қалған игуаналар құлауы мүмкін. Себебі, жылы аймаққа жататын штатта ауа температурасы 4 градусқа дейін төмендеуі мүмкін. Ал, бұл ағашта өрмелеп жүретін кесірткелерге қиын. Түймедей түйіліп ұйықтайтын игуналар күн суықта қатып, талдан жерге құлайтын көрінеді. Сондықтан синоптиктер бұл күні көлікті ағаштың астына қалдырмауды өтінді. Ал, игуана кесірткесінің ең ірісі 9 келіге дейін тартатын көрінеді.Мамандар айтпақшы Флорида шатында мұндай суық соңғы 20 жылда бірінші рет болатынын айтыпты. Алдағы демалыс күндері қазақстандықтарға да оңай түспейді. Еліміздің солтүстігі мен шығысында ауа температурасы 42 градусқа дейін төмендеуі мүмкін. Арктиканың антициклонына байланысты елдің барлық аймақтарында аяз қатаяды. Ал, батыс аймақтарда қар жауып, боран соғуы ықтимал.

А. Мүтәлі