$494.87 €520.65 ₽4.91
×

Өркениеттен жұрдай Айса станциясының мәселесі қашан шешіледі?

AstanaTV
29.12.2020ж. 20:00
3194
Өркениеттен жұрдай Айса станциясының мәселесі қашан шешіледі?

Қарағанды облысына қарасты Айса станциясында 40-тан астам түтін тұрады. Бұқара ауылдың болашағын бұлыңғыр деуден аулақ. Десе де, оларды мұнда титықтатқан мәселе де аз емес. "Айсада" әлі күнге дейін ауыз су, жол, мектеп мәселесі шешілмей отыр. Ауыл ішіндегі ғана емес, шаһарға қатынайтын тас жол да ойдым-ойдым. Бұрын болған медпункті жауып, бар мейірбикені қысқартып тастады. Балалар 5 жастан бастап, Ақадыр станциясындағы интернатта оқиды. Кіп-кішкентай балалар апта сайын интернатқа пойыз арқылы қатынауға мәжбүр. Аудан әкімдігінің мәселені шешетін түрі жоқ деген бұқара, облыс әкімдігі де немқұрайлылық танытып отыр деді.

Кенжебек ТӨРЕБЕКОВ, ШЕТ АУДАНЫ АЙСА СТАНЦИЯСЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ:

Тамақ әкелуге, магазин жоқ ешқандай. Тасымал тамақтың бәрі.  Пойыз жағы мәселесі. Тағы да тоқтамайды. Бізде билетный касса деген жоқ бұл жерде.  Алмайды пойызға.


Бақытжамал АМАНОВА, ШЕТ АУДАНЫ АЙСА СТАНЦИЯСЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ:

Әкімшілік керек қылмайды. Неше рет келді. Мектепті салып та берді, ауызбен. Ішіне жиналыс та ашып берді. Соның бәрі далада қалды.

Нәзгүл ОМАРОВА, ШЕТ АУДАНЫ АЙСА СТАНЦИЯСЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ:


1-ден 4-сынып аралығында 21 оқушы оқиды. Олар мектеп жоқ болғандықтан, Ақадір кентіндегі мектеп-интернатына барып оқиды. Ақадірмен екі орта 35 км. Теміржол қауіпсіздігі сақталмаған.

Жергілікті атқамінерлер жағдайдың өзекті екенін мойындайды. Жол салуды келесі жылдың соңына жоспарлаған. Ауыз суды да сол кезде жеткіземіз деді. Ал мектептің мәселесін әлі күнге дейін бірізге қоя алмай отыр.

Берікбол АМАНГЕЛЬДИНОВ, ШЕТ АУДАНЫ ӘКІМДІГІНІҢ БАСПАСӨЗ ХАТШЫСЫ:

Ол жерде ешқандай ғимарат жоқ. Мектеп бұрын болмаған. Бұрын мектеп болса, қалпына келтіре салуға болады ғой. Енді бастауыш мектеп ашуға бір ғимарат керек. Үкімет тарапынан бастауыш мектеп салынып, ғимаратын жасамаса ол жерде.

А. Мүтәлі