Спорт Қазақстан
$448.15 €483.46 ₽4.86
×

"Ақ жол" партиясының мүшелері елордалық тұрғындарды қабылдады

AstanaTV
30.12.2020ж. 20:00
2308
"Ақ жол" партиясының мүшелері елордалық тұрғындарды қабылдады

"Ақ жол" партиясының үгіт-насихат тобы бүгін елордалықтарды қабылдады. Тұрғындарды толғандырған проблемаларды тындап, сайлауалды бағдарламаларын түсіндірді.

Мұндай акуиялар бүгін "Ақ жол" партиясының барлық  филиалдарында өтуде. Өтініш білдіргендерге ыңғайлы болу үшін бір уақытта бірнеше партия мүшелері жұмыс істейді. Көбінесе    жұмысқа орналасу, дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету және еңбек немесе қаржылық дауларды шешу мәселелері қарастырылды. Тұрғындар арасында баспана мәселесін шеше алмай жүргендер қатары көп. Мәселен Райхан Камалова төрт жылдан бері баспана кезегіне тұра алмай келеді.  

Райхан КАМАЛОВА, НҰР-СҰЛТАН ҚАЛАСЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ:

Мені алаңдатқан мәселе тұрғын үй проблемасы. Қанша уақыттан бері баспанасыз жүрміз. Зейнетке шықсам да әлі күнге үй кезегіне тұра алмай жүрмін.

Партиялықтар азаматтарды қабылдауды дәстүрге айналдырған. Ай сайын осындай акцияларды ұйымдастырып отырады. Ақжолдықтар халықтың мұң-мұқтажын тыңдап, тиісті кеңес беруге ниетті. Мәселелердің сипатына қарай, қажет болса түйткілді мәселелерді барынша шешуге тырысамыз деп отыр.   

Дәния ЕСПАЕВА, "АҚ ЖОЛ" ДЕМОКРАТИЯЛЫҚ ПАРТИЯСЫНЫҢ МҮШЕСІ:


Бірнеше сағат болды, осы кездескенімізге. 4 адам келіп отыр, Менің өзіме келіп отырған Қарағанды облысынан. 3 жыл болды микро-қаржылық мекемеден 4 рет қарыз алған екен. Жолдасы да, өзі де пенсияда болған соң соны жаба алмай отыр екен. Банкроттық заң болмай, бұл мәселені шешу оңай болмайды. Микрофинанстық ұйымдар өз қаражатын осы пенсиядан шешіп отырады. «Ақ жол» партиясы Парламентке өтсек, еі бірінші ұсынатын Заңымыз осы банкроттық Заң болады деп ойлаймын.

Ғ.Өтемісов