Спорт Қазақстан
$447.4 €477.55 ₽4.76
×

"Adal" партиясы кәсіпкерлерді қолдауды ұсынып отыр

AstanaTV
30.12.2020ж. 20:00
2397
"Adal" партиясы кәсіпкерлерді қолдауды ұсынып отыр

«Адал» партиясы кәсіпкерлерді қолдауды ұсынып отыр. Бүгін үгіт-насихат тобы Алматыдағы шағын кәсіп өкілдерімен кездесіп, жоспарларымен бөлісті.

Партиялықтар мемлекеттің экономикалық дамуында шағын кәсіптің үлесі орасан екенін айтудан жалыққан емес. Кәсіпкерлерді қолдау тетіктерімен бөлісіп, оларға жеңілдіктер қарастыруға ниетті.  Адалдықтарды әлеуметтік салаға бөлінетін бюджеттің де аздығы да алаңдатады. Партия өкілдерінің айтуынша, әлеуметтік саланы көтеру жолдарының бірі – мемлекеттік сатып алуды 10 пайызға азайту. Сол арқылы 900 млрд. теңге үнемдеуге болады, дейді.

Мақсат ТОЛЫҚБАЙ, «ADAL» ПАРТИЯСЫНЫҢ МҮШЕСІ:

Мына шағын және орта кәсіпті дамытпай экономика гүлдемейді. Сондықтан кәсіпкерлерге 6 пайыздан көбейтпей кепілсіз несие беру жағын көтеріп жатырмыз. Жұмыссыз жастар өте көп, ауылдан келіп ешкім жетіскеннен 80 мың теңгеге арба итеріп жүрген жоқ жастар. Жұмыстың жоқтығы, сондықтан осы мәселені де көтеріп жатырмыз. Әлеуметтік сала қызметкерлерінің орташа жалақысын 200 мың теңгеге көтеруді көтеруге.

Ал, кәсіпкерлердің жұмысын дамыту, кәсібін ұлғайтын үшін қазағбастылықты, жөнсіз тексерісті азайту екеректегі де көтерілді. Нәтижесінде жұмыссыздық азайып, мемлекетке түсетін салық көлемі де артпақ. Ал, базардағы жалдау ақысын азайту арқылы жабайы сауданы да заңдастыру, елдің экономикасына үлес қосады деп санайды.
 
Дәулет МҰҚАЕВ, «ADAL» ПАРТИЯСЫНЫҢ МҮШЕСІ:


Жабайы саудаға арнайы орындар бөлінуі керек, арнайы орындар көбеюі керек. Десе де даладағы сауданың жалға беру ақысы арзанырақ болады. Ал, іште жылы болғандықтан қымбатырақ болады. кәсіпкерлерді қинайтыны сол. Тексеріс көп бізде, қағазбастылық көп. Сондықтан бюракратияны азайту керек. Қағазбастылықты азайту керек және халықтың жұмыс жасауы жағдайды жақсарту керек.


А. Кемелжан