Атырауда Теңіз кен орны жұмысшылары арасында коронавирус инфекциясы азаймай тұр. Соңғы мәлімет бойынша, аймақта тіркелген 149 науқастың 144-і осы алпауыт компания мамандары. Ал олардың 60 пайызы профилактикалық мақсатта жүргізілген тексеріс кезінде анықталған. Қалғандары науқастармен жақын қарым қатынаста болғандар мен денсаулық шағымы бойынша медициналық көмекке жүгінгендер,- дейді санитарлық мамандар. Қазір ауру ошақтары дизенфекцияланған. Дегенмен, 5 адамнан көп науқас тіркелген кейбір компаниялар карантинге жабылуы мүмкін.
Айсұлу ДОСҚАЛИЕВА, АТЫРАУ ОБЛЫСЫ БОЙЫНША САНИТАРЛЫҚ-ЭПИДЕМИОЛОГИЯЛЫҚ БАҚЫЛАУ ДЕПАРТАМЕНТІНІҢ БӨЛІМ БАСШЫСЫ:
5 және одан жоғары жағдайлар «ССЕР», «Денхолм Жолдас», «Сенімді құрылыс», «Компас» мекемелері қызметкерлерінің арасында тіркелді. Бүгінгі күні аталған мекемелер бойынша карантинге жабу бойынша қаулының жобасы жасақталуда.
Айта кетейік, Атырау өңірінде 13 мыңнан астам короновирустық жағдай тіркелген. Оның 4 мыңнан астамы осы Теңіз кеніші жұмысшылары. Соңғы мәлімет бойынша, облыс «қызыл аймақтан» шықты. «Сары аймақта» Атырау облысымен бірге, Ақмола, Костанай, Павлодар, Шығыс Қазақстан облыстары, Алматы, Нұрсұлтан қалалары бар.
Б. Надирқызы