Шетелден бір-екі ақпарат. Ыстамбұлдағы университеттің біріне жаңа ректордың тағайындалуы студенттер арасында наразылық тудырды. Ереуілге шыққан жастарды полиция жасаурататын газбен қуды.
Ректорға қарсы шыққан жастар оқу орны алаңына жиналып, шағын баррикада құрып алды. Ереуілшілер университет күзетшілерін жағадан алды. Олар, Түрік басшысы Режеп Тайып Ердоған тағайындаған жаңа ректорға наразы. Жастардың айтуынша, ректорды тағайындау демократиялық құндылықтарға сай емес. Студенттер - әділ сайлау өтіп, ұстаздар мен жастар өз таңдауын жасасын, деген талап қойып отыр.
Лондонда ереуіл жүріп жатыр. Мұнда қала тұрғындары Үкімет басшысы Борис Джонсонның кезекті шектеулеріне наразылық білдіруде. Полиция 17 адамды қамауға алды. Еске сала кетейін коронавирустық инфекцияның жаңа штаммы шыққалы Британияда арнайы шектеулер енгізілген. Мектептер мен дүкендер жабылып, халықтың көшеге шығуына тиым салынды. Ресми деректерге қарағанда Британияда тек соңғы тәулікте 60 мың адам COVID-19-ға шалдыққан.
Д. Мұхаммедкәрім