Алматы облысында ауа райы нашарлап, бет қаратпайтын боран күшейді. Күннің күрт суытуына байланысты облыстағы «Үшарал -Достық» тас жолы жабылды. Қатты боранның кесірінен жолда қалып қойған көліктер бар. Құтқарушылар, 5 жүк көлігі мен бір жеңіл көлікті қардан шығарып, 12 адамды құтқарып қалған. Қазіргі уақытта жабық жолдағы қардың қалыңдығы үш метрге жететін көрінеді. Коммуналды қызметтер қарды тазартып үлгермей жатыр екен.
Игорь ЖУКОВ, АЛМАТЫ ОБЛЫСЫ ТЖД БАСТЫҒЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ:
Облыс тұрғындарына алыс сапарға шықпау керектігі туралы және ауа райының нашарлығы туралы ескертпелер жіберілді. Аудан аралықтарында арнайы посттар қойылды. Қазір жабық жолдағы желдің жылдамдығы секундына 25 метрді құрайды.
А. Кемелжан