Спорт Қазақстан
$443.85 €474.3 ₽4.8
×

OPEC+ Қазақстанға мұнай өндіру көлемін ұлғайтуға рұқсат берді

AstanaTV
06.01.2021ж. 20:00
1812
OPEC+ Қазақстанға мұнай өндіру көлемін ұлғайтуға рұқсат берді

Қазақстанға мұнай өндіру көлемін ұлғайтуға рұқсат берілді. ОПЕК + келісіміне қатысушы елдер екі күндік келіссөзден кейін осындай шешім қабылдап отыр. Мұндай мүмкіндікке елімізден бөлек, Ресей мемлекеті де ие болған. Жаңа шартқа сәйкес, Қазақстан алдағы екі айда қара алтын өндіру көлемін тәулігіне 10 мың баррельге дейін өсірсе, Ресей 65 мың баррельге дейін ұлғайта алады. Пайыздық қатынаста бұл екі ел өндірісі үшін берілген бірдей мүмкіндік екен. Айта кетейік, ОПЕК + қатысушы елдер үшін бұған дейін мұндай жекелеген жеңіліктер жасамаған.

Әсет МАҒАУОВ, ҚР ЭНЕРГЕТИКА МИНИСТРІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ:  


Өте үлкен шешім қабылданды деп ойлаймын. Өйткені, мұнай нарығындағы қазіргі ситуацияға байланысты әрі қарай мұнай көлемдерін азайтуға, болашақта мұнай саласын дамытуға қабылданған шешім деп есептеуге болады деп ойлаймын.

Тағы бір айта кетерлігі, ОПЕК+ келісіміне қатысушы елдердің ортақ мәмілеге келуі шикізат бағасының өсуіне алып келді. Brent сұрыпты мұнай баррелінің құны бірден қымбаттап, 54 доллардан асты. Ал WTI баррелінің бағасы 50 долларға жетті.  

А. Мүтәлі