Ауа райы -
Негізгі / Жаңалықтар / COVID-19 Grammy сыйлығын кейінге шегерді

COVID-19 Grammy сыйлығын кейінге шегерді

Пандемия - Греммиге де жетті. Әлем әншілерінің "Оскары" аталған сыйлықты табыстау рәсімі кейінге шегеріліп отыр. COVID-19-ға бола Гремми енді қаңтардың соңында емес наурыздың 14-де өтетін болды. Бұл сыйлықты қазақ жұрты биыл ерекше күткен еді. Өйткені, "музыкалық оскарға" үміттілер арасында ақсулық Иманбек бар. Естеріңізге сала кетейін, Иманбектің есімі жер жаһанға "Roses" ремиксінен кейін белгілі бола бастаған. SAINt JHN тобының бұл туындысы жерлесіміздің арқасында әлемдік чарттарда белеске шығып еді.

Беделді "Rolling Stone" журналы таратқан ақпаратқа қарағанда АҚШ Калифорниясында қытайлық індет осы күнде өршіп тұр. Ауруханалар науқасқа толып қалған. Сондықтан штатта түрлі мерекелік шараларға уақытша тиым салынған. Ал АҚШ, COVID-19 дертінің таралуы жағынан әлемде алғашқы орында тұр. Мұнда коронавирустық инфекцияға шалдыққан 21 млн науқас бар.

Д. Мұхаммедкәрім