Спорт Қазақстан
$448.89 €477.93 ₽4.76
×

Қазақстанда коронавирус жұқтырған 299 адамның жағдайы ауыр

AstanaTV
06.01.2021ж. 20:00
2549
Қазақстанда коронавирус жұқтырған 299 адамның жағдайы ауыр

Қазақстанда коронавирусқа шалдыққан 300-дей адамның ахуалы нашар. Сонымен бірге, 23 мыңға тарта науқас қытайлық кеселден емделіп жатыр. Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметі осындай. 4 қаңтардағы ақпаратқа сәйкес, елде COVID-19дың 742 жаңа жағдай анықталған. Сырқаттанушылық жоғарғы деңгейі Нұр-Сұлтан қаласы мен Атырау облысында көп тіркеліп отыр. Кеше ғана аурушаңдықтың "сары аймағына" кірген мұнайлы өлке бүгін індетті қауіптілігі жоғары аймаққа қайта оралды. Пандемияның әлемдік картасында Қазақстан әзірге қауіпсіз елдердің қатарында. Айта кетейін, Республикада кеселдің таралуы басталғалы бері 2300-ден аса адам қайтыс болған.

ҚР ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ МИНИСТРЛІГІ:

Бүгінгі күні COVID-19-ға шалдыққандар арасында 299 жағдайы ауыр. Соның ішінде 45 пациенттің өмірі қыл үстінде. 44 адам өкпені жасанды желдету құрылғысына қосылған. Сондай-ақ, 1 қыркүйектен бері мектеп оқушылары арасында коронавирустың 4145 дерегі тіркелді. Оның 1095-і кезекші сынып оқушылары, қалғандары қашықтан білім алатындар.

Британияда тарай бастаған коронавирустың жаңа штаммы Германияда да етек жайып барады. Ел билігі шектеу шараларын тағы бір айға ұзартуға шешім қабылдады. Атап айтқанда, адамдар көп жиналатын мекемелер жабылып, сауда үйлерінің жұмыс уақыты қысқарды.

Ангела МЕРКЕЛЬ, ГЕРМАНИЯ КАНЦЛЕРІ:

Біз қазір мұқият болуымыз керек.  Өздеріңіз көріп отырғандай, тағы да қиын жағдайға тап болдық. Ахуалды ушықтырмау үшін адамдардың қарым-қатынасына шектеу қою керек.


А. Данияр